Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Қытайда жүк көлігі аударылып, 8 адам мерт болды, 11-і жарақаттанды



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 16:18 - 2020/09/16

Нақты Көзі: https://www.inform.kz/kz/kytayda-audarylgan-zhuk-koligi-adamdardy-basyp-kaldy-8-adam-mert-bolyp-11-i-zharakattandy_a3695358


Қытайда жүк көлігі аударылып, 8 адам мерт болды, 11-і жарақаттанды

ЧЖЭНЧЖОУ.Синьхуа-ҚазАқпарат – Хэнань провинциясы (Орталық Қытай) Синьян қаласы Шаняэн уезі аумағында сейсенбі күні жол-көлік оқиғасы болып, салдарынан 8 адам қаза тапты, 11-і жараланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Грекиядағы босқындар лагерін өртеді деген күдікке ілінген алты адам ұсталды Ақтөбе полициясы далада шашылған сәбізге қатысты түсінік берді Жыл басынан бері елордада 28 бала терезеден құлап кеткен - ТЖД

Оқиға 15 қыркүйекте таңертең болған. жүк көлігіне тиелген сарымсақ абайсыздықтан жолға шашылып кеткен. Осыны естіген жақын аудандағы тұрғындар оны алу үшін оқиға орнына келген. Кейінірек қиыршық тас тиеген басқа жүк көлігі тура жолдың осы бөлігінде аударылып, сарымсақ жинап жатқан адамдарды басып қалған.

Екі адам оқиға орнында мерт болды, зардап шеккен алты адам ауруханада көз жұмды. Сондай-ақ 11 тұрғын жарақат алған.

Жергілікті билік өкілдері қайғылы оқиғаның себептерін тергеу үшін арнайы топ құрды.


Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1261472
Пікірлер

Көрші сілтемелер