Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Ақтөбеде автобус пен жеңіл көлік соқтығысып, 9 адам ауруханаға жеткізілді



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 16:09 - 2020/09/16

Нақты Көзі: https://www.inform.kz/kz/aktobede-avtobus-pen-zhenil-kolik-soktygysyp-9-adam-auruhanaga-zhetkizildi_a3695353


Ақтөбеде автобус пен жеңіл көлік соқтығысып, 9 адам ауруханаға жеткізілді

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбе қаласында қоғамдық көлік пен жеңіл көлік соқтығысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Блокпостағы апат: Қаза тапқан полицейдің әйелі кінәліден 37 млн теңге талап етті СҚО-да жол апатынан ерлі-зайыпты зейнеткерлер мерт болды БҚО-да автокөлік аударылып, ағалы-інілі жігіттер ауруханаға жеткізілді

Жол-көлік оқиғасы бүгін сағат 11:20 шамасында болды. «Mercedes Benz» автокөлігінің 37 жастағы жүргізушісі мейрамхана тұрағынан шығып, жолдағы қауіпсіздік ережесін ескермеді.

Рөлде отырған әйел жан-жағына қарамастан бұрылған. Салдарынан «ПАЗ 320402» маркалы автобуспен соқтығысты.

«Жол апаты кезінде «Mercedes Benz» автокөлігінің жүргізушісі мен автобустың 7 жолаушысы дене жарақатымен Ақтөбе қаласының жедел жәрдем ауруханасына жүгінді. Сондай-ақ автобустың бір жолаушысы облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Аталған факті бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», - облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.


Оның айтукынша, апаттың негізгі себебі - жүргізушілер мен жаяу жүргіншілердің жол ережелерін саналы түрде ескермеуі.


Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1261465
Пікірлер

Көрші сілтемелер