Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


8 айда мемлекеттік бюджет 5 трлн теңгеден аса салық түсімдерімен толықты



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 16:06 - 2020/09/16

Нақты Көзі: https://www.inform.kz/kz/8-ayda-memlekettik-byudzhet-5-trln-tengeden-asa-salyk-tusimderimen-tolykty_a3695352


8 айда мемлекеттік бюджет 5 трлн теңгеден аса салық түсімдерімен толықты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Биылғы жылдың 8 айында мемлекеттік бюджет 5 трлн теңгеден аса салық түсімдерімен толықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстандықтар 1 қазанға дейін салық төлемесе, 20 мың теңге айыппұл салынады деген ақпарат – жалған Қазақстанда құрастырылған көліктерге сұраныс артты ма Қазақстанда әжетхана қағазын өндіру 27%-ға артты

«Биылғы қаңтар-тамыз айларында мемлекеттік бюджетке салық түсімдері бойынша жоспар 91,4%, оның ішінде республикалық бюджет 80,9% және жергілікті бюджет 116,4% атқарылды. Есепті кезеңде мемлекеттік бюджетке түскен салық түсімдері өткен жылдың ұқсас кезеңіне қарағанда 11,1%-ға (немесе 646,7 млрд.теңгеге) төмендеумен 5 158,3 млрд теңгені құрады. Оның ішінде республикалық бюджет бойынша 24,4 пайызға (немесе 1 037,6 млрд теңгеге) кеміді, жергілікті бюджет бойынша 25,1 пайызға (немесе 390,9 млрд теңгеге) өсті», - делінген ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті баспасөз қызметінің мәліметінде.

Төмендеудің себебі сыртқы және ішкі факторларға байланысты экономикалық ахуалдың нашарлауы болып отыр.

2019 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда негізгі экспорттық позицияларға, оның ішінде мұнайға 36,5%, мырышқа 18,3%, алюминийге 10,9%, қорғасынға 9,3%, мысқа 5,9% бағаның төмендеуі байқалады.

«2020 жылғы 8 айда үшінші елдермен тауар айналымы 11,9 пайызға азайды (экспорт 15,4%-ға, импорт 4,5%-ға). Оның ішінде тауар айналымының 20,7 пайызға төмендеуі ағымдағы жылғы тамызға келіп отыр (экспорт 34,9%-ға азайды, импорт 3,7%-ға өсті)», - деп аталып өткен ведомство хабарламасында.

Биылғы 8 айда жергілікті бюджетке түсетін салық түсімдері бойынша жоспар 275 млрд теңгеге артық, 116,4% -ға орындалды.

Жергілікті бюджет жоспарының артығымен орындалуына корпоративті табыс салығының жергілікті бюджетке берілуі әсер етті.


Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1261464
Пікірлер

Көрші сілтемелер