Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


«Бәйтерек» холдингі кәсіпкерлерді мемлекеттік қолдауға жүгінуден қорықпауға шақырды



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 16:18 - 2020/08/14

Нақты Көзі: https://www.inform.kz/kz/bayterek-holdingi-kasipkerlerdi-memlekettik-koldauga-zhuginuden-korykpauga-shakyrdy_a3683471


«Бәйтерек» холдингі кәсіпкерлерді мемлекеттік қолдауға жүгінуден қорықпауға шақырды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Бәйтерек» холдингі алдында алдағы 5 жылда елдің жалпы ішкі өніміндегі шағын және орта бизнестің үлесін 35 пайызға жеткізу міндеті тұр. Бұл туралы «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Рүстем Қарағойшин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Карантинде жұмысы тоқтатылған бизнесті қолдаудың қосымша шаралары бекітілді

«Шағын бизнесті мемлекеттік қолдаудың сұранысқа ие тағы бір шарасы – «Даму» қоры беретін кепілдік. Кәсіпкер өз бизнесін ашуға немесе кеңейтуге кредит алатын кезде кепілзаты жеткіліксіз болғанда осы кепілдікті пайдалана алады. 2020 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша кредит сомасы 306 миллиард теңге болатын 7 518 жоба бойынша кепілдіктер берілді. Кепілдіктер сомасы 117 миллиард теңгені құрады. Оның ішінде 2019 жылы жалпы кредит сомасы 74 миллиард теңге болатын 1 726 жобаға қолдау көрсетілді, кепілдік сомасы 27 миллиард теңгеге жетті», - деді ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихаты барысында.

Оның мәліметінше, сала бойынша бөлгенде қаржыландырылған жобалар арасында өңдеу өнеркәсібінің (жалпы кредит сомасы 103 миллиард теңге болатын 2 206 жоба) және сауда саласының (кредит сомасы 32 миллиард теңге болатын 1 309 жоба) үлесі көп. Өңірлер арасында Ақтөбе (жалпы кредит сомасы 20 миллиард теңге болатын 582 жоба) және Павлодар (жалпы кредит сомасы 21 миллиард теңге болатын 535 жоба) облыстары көш бастап тұр.

«Бағдарламаның тиімділігін көрсететін басқа да сандарға да тоқталғым келеді. Мәселен, бағдарламаға қатысушы кәсіпкерлер 2010-2019 жылдары 25 триллион теңгенің өнімін шығарды, 1,6 триллион теңге сомасында салық төледі. БЖК аясында мемлекеттік қолдауға ие болған кәсіпкерлердің арқасында 100 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылды. Егер мультипликативті әсері туралы айтатын болсақ, 1 теңге субсидияға 10 теңге кредит тартылды. Онға бір – бұл қаржы институттары тұрғысынан өте жақсы көрсеткіш. 1 теңге кепілдікке 2,6 теңгеге жуық кредит қаражаты тартылды. Сонымен қатар, нәтиже көрсетіп отырғандай, 1 теңге субсидия 135 теңге пайда және бюджетке 8 теңге салықтық түсім әкеледі», - деді Рүстем Қарағойшин.

Басқарма төрағасының айтуынша, 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап «Бизнестің жол картасы» тағы бес жылға, яғни 2025 жылға дейін ұзартылды. Қазір оған едәуір өзгерістер енгізілді. Олар бизнестің қаржыландыру алуын сөзсіз жеңілдетеді.

«Осы тұста айта кететіні, бұған ҚР Ұлттық экономика министрлігінің үйлесімді, жедел және жоғары деңгейдегі кәсіби жұмысының арқасында қол жеткізілді. Осылайша, субсидиялау құралы бойынша: салалық шектеулер жойылды; кәсіпкерлерге арналған мөлшерлеме 6 пайыз деңгейінде біркелкіленді; субсидияланатын кредит сомасы 2,5 миллиардтан 7 миллиард теңгеге дейін ұлғайтылды, ал мерзімі 5 жылға ұзартылды. Кепілдік беру құралы бойынша кәсібін жаңа бастаған кәсіпкердің 360 миллион теңгеге дейінгі кредитіне кепілдік беріледі. Бұл ретте, кредит сомасының 85 пайызы кепілдендіріледі. Ал кәсібін жүргізіп жатқан кәсіпкердің 1 миллиардқа дейінгі кредитіне кепілдік ұсынылады. Бұл ретте, кредит сомасының 50 пайызына кепілдік беріледі. 500 миллион теңгеге дейінгі айналым қаражатын 100 пайыз толықтыруды көздейтін кредиттерге де кепілдік бар. Сондай-ақ, салалық шектеулер жойылды», - деді ол.

Рүстем Қарағойшиннің атап өтуінше, жаңа «БЖК-2025» бағдарламасына тамақ өнімдерін, сабын мен жуғыш заттарды, санитарлық-гигиеналық мақсаттағы қағаз бұйымдарын өндіру, автомобиль көлігімен жүк тасымалдау, қойма шаруашылығы және қосалқы көлік қызметі, туризм, жалға алу және меншікті немесе жалға алынған жылжымайтын мүлікті басқару сынды салалардағы ірі бизнес субъектілері енгізілген.

«Біздің алдымызда кәсіпкерлер санын арттыру міндеті тұр. Қазір елдің жалпы ішкі өніміндегі шағын және орта бизнестің үлесі 30,8 пайызды құрайды. Ал 2025 жылға қарай бұл көрсеткіш 35 пайызға дейін өсуі тиіс. Біз бес жыл ішінде осындай үлкен серпінді күтудеміз. Сондықтан кәсіпкерлерімізді жеке бизнесін ашу немесе дамыту үшін мемлекеттік қолдауға жүгінуден қорықпауға шақырамын», - деді Рүстем Қарағойшин.


Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1240482
Пікірлер

Көрші сілтемелер