Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


«Еңбек» және «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламаларының қорытындысы қаралды



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 20:27 - 2020/08/05

Нақты Көзі: https://www.inform.kz/kz/enbek-zhane-zhumyspen-kamtudyn-zhol-kartasy-bagdarlamalarynyn-korytyndysy-karaldy_a3680267


«Еңбек» және «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламаларының қорытындысы қаралды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен өткен Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында «Еңбек» және «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламаларын іске асырудың биылғы 7 айдағы қорытындысы тыңдалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат primeminister.kz-ке сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстанда жұмыспен қамтудың жол картасы аясында 154 мың жұмыс орны құрылды «Еңбек» бағдарламасына қатысқан 184 мың адам жұмысқа орналасты Руслан Дәленов: Жұмыспен қамтудың жол картасы бойынша 1 трлн теңге бөлінді

Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі «Еңбек» бағдарламасы аясында жыл басынан бері жұмыспен қамту шараларымен 335 мың қазақстандық қамтылғанын хабарлады.

Дегенмен, бірқатар өңірлерде бағдарламаны іске асырудың қарқыны төмен екендігі байқалады: Нұр-Сұлтан қаласында - шағын несие, грант беру, жастар практикасы бойынша; Алматы қаласында - жастар практикасы және қоғамдық жұмыстар бойынша; Атырау облысында - тұрақты жұмыс орындарын құру бойынша.

Сондай-ақ «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында 6,3 мың жоба іске асырыла бастап, 153 мың жұмыс орны ашылғаны баяндалды.

Қостанай облысында жұмысқа орналастыру бойынша төмен қарқын тіркелді; басқа аудандардан келгендерге көтерме ақы төлеу бойынша Алматы қаласында, Түркістан және Ақмола облыстарында орындалмай отыр.

Премьер-Министрдің орынбасары өңірлердің әкімдіктерінің есептерін тыңдап, халықты жұмыспен қамту бойынша жұмысты жандандыру жөнінде жедел шаралар қабылдау қажеттігін атап өтті.

Сондай-ақ отырыста «Жұмыспен қамтудың жол картасы» жобаларының тиімділік өлшемдері бекітілді.

«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша біздің алдымызда Бағдарламаға бөлінген 1 трлн теңгені барынша тиімді пайдалану міндеті тұр. Әрбір жоба бойынша әлеуметтік-экономикалық тиімділік мұқият бағаланатын болады: қанша жаңа жұмыс орны құрылды, салық түсімдерінің өсу қарқыны, адамдардың тұрмыс сапасына әсері және т. б. Бағдарламаның тиімділігін Үкімет ерекше бақылауда ұстайды», — деп қорытындылады Е. Тоғжанов.


Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1234598
Пікірлер

Көрші сілтемелер