Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Оралда жаңа көпір пайдалануға берілді



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 17:45 - 2020/08/02

Нақты Көзі: https://www.inform.kz/kz/oralda-zhana-kopir-paydalanuga-berildi_a3678981


Оралда жаңа көпір пайдалануға берілді

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Оралда «Омега» зауыты ауданындағы көпір пайдалануға берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Көпірдің ашылу рәсіміне қатысқан облыс әкімі Ғали Есқалиев Құрбан айт мейрамына орай іске қосылған нысанның қала тұрғындары үшін маңыздылығын атап көрсетті.

1978 жылы салынған көпір содан бері күрделі жөндеуден өтпеген болатын.

«Мұны жаңа көпір деуге болады. Мердігерлердің сөзіне қарағанда, кемінде елу жылға, тіпті одан да көп мерзімге шыдайды. Көпірдің 85 пайызы жергілікті қазақстандық үлес есебінен тұрғызылды. Ақтөбе, Орал, Қарағанды және басқа қалалардан әкелінген құрылыс материалдары пайдаланылды. Жергілікті кәсіпорындар да жұмыс істеді. Қысқасы, барлық отандық өндірушілерге кіріс көзі табылды. Тағы бір атап өтетін жайт, көпір жөнделіп жатқан кезде Деркөл, Селекционный, Омега ауданында тұратын тұрғындар (120 мыңдай адам) қалаға №7 бағыттағы автобуспен 1 сағат 20 минутта жететін еді. Қазір бұған 25 минут кетеді. Сондай-ақ коронавирус індетімен күрес кезінде жедел жәрдем көліктері де науқастарды ауруханаларға анағұрлым тез жеткізе алады», - деді өңір басшысы.

Арқалықтарды салу, асфальт төсеу жұмыстарында жаңа технологиялар қолданылды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда жаңа көпірде салынып жатқан жиектастың талапқа сай келмейтінін жазған болатынбыз.

Суреттерді түсірген Рафхат Халелов


Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1232302
Пікірлер

Көрші сілтемелер