Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Астана көшелеріне коронавируспен күресіп жүрген дәрігерлердің суреті ілінді



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 23:06 - 2020/08/01

Нақты Көзі: https://www.inform.kz/kz/astana-koshelerine-koronaviruspen-kuresip-zhurgen-darigerlerdin-sureti-ilindi_a3678860


Астана көшелеріне коронавируспен күресіп жүрген дәрігерлердің суреті ілінді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бұл - медицина қызметкерлеріне пандемия кезіндегі қажырлы еңбегі үшін көрсетілген құрмет, деп хабарлайды ҚазАқпарат әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Атырауда коронавируспен күреске 2 мыңнан аса медқызметкер жұмылдырылған Ақтөбеде коронавируспен күресте көз жұмған бас дәрігердің суреті үй қабырғасына салынды Мәскеу дәрігерлері алматылық әріптестерінің біліктілігін жоғары бағалады

Нұр-Сұлтандағы билбордтарда елордалық аурухана дәрігерлерінің суреттері пайда болды. Осылайша, акция бастамашылары дәрігерлерге қажырлы еңбегі мен індетпен күресте өмірін сақтап қалғаны үшін алғыс білдірді.

Жалпы, қаланың орталық көшелерінен 40-тан астам дәрігердің суретін көруге болады. Олар - Тұрсын Раида, Дәурен Молдажанов, Марина Макиенко, Ғайса Нұрғалиев, Жазира Нубин және басқалар.

Пандемиямен күреске бес мыңға жуық дәрігер тартылған. Бүгінгі таңда біздің дәрігерлердің адалдығы мен кәсібилігін бағаламау мүмкін емес.

Бірнеше айдан бері ақ халаттылар коронавирусқа қарсы күресте алдыңғы қатарда болды. Олар бірнеше апта бойы отбасы мен достарынан жырақта, балаларын, әйелі мен күйеуін, әкесі мен анасын көрмейді.

Сонымен қатар, олар аурудың азабын тартып жатқан отандастарымен күнделікті бетпе-бет келіп, адам өмірі үшін күреседі. Біздің дәрігерлердің жанқияр еңбегінің арқасында көптеген адамдар үйге анасына, әкесіне, әйелі мен күйеуіне қайта оралды.

Мемлекет дәрігерлердің еңбегін жоғары бағалап, барша халық үлкен ризашылық білдіреді.


Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1232018
Пікірлер

Көрші сілтемелер