Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Демалыс күндері Қостанай облысында саябақтар мен жағажайлар жабылады



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 21:33 - 2020/08/01

Нақты Көзі: https://www.inform.kz/kz/demalys-kunderi-kostanay-oblysynda-sayabaktar-men-zhagazhaylar-zhabylady_a3678850


Демалыс күндері Қостанай облысында саябақтар мен жағажайлар жабылады

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай облысында 8-10 тамыз және 15-17 тамыз аралығында демалыс орындары жұмыс істемейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстанда карантин шаралары екі аптаға ұзартылды Карантинді ұзарту: Премьер-Министр бизнесті қолдайтын шаралар қабылдауды тапсырды СҚО-да карантин талаптарын бұзғандар анықталды

Бүгін Қостанай облысының бас мемлекеттік санитар дәрігерінің орынбасары өңірде қатаң шектеу шараларын енгізу туралы қаулыға қол қойды.

Қаулыға сәйкес, саябақтарға, алаңдар мен скверлерге, жағалауларға, қоғамдық және ұйымдастырылмаған жағажайларға, өзге де демалыс орындарына баруға тыйым салынады. Тиісінше 8-10 және 15-17 тамыз күндері локдаун тәртібі енгізіледі. Осы күндері қостанайлықтар саябақтар мен жағажайларға бара алмайды.

Айта кетейік, 3 тамыз және 17 тамыз аралығында облыс территориясында қатаң шектеу шаралары қабылданады. Шектеу шаралары туралы Қостанай облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің орынбасары Ю. Севостьянов хабарлады.

Жұмыс кестесі сағат 10:00-ден 17:00-ге дейін күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып бектіледі.

Құрылыс материалдарын, санитарлық-техникалық және санитарлық-гигиеналық тауарларды, ауыл шаруашылығы мен саяжайға арналған тауарларды, авто және ауыл шаруашылығы техникасына арналған қосалқы бөлшектерді, салттық керек-жарақ пен тауарларды өткізумен айналысатын дүкендерді қоспағанда, азық-түлік сатпайтын дүкендердің жұмыс істеуіне тыйым салынады.


Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1232004
Пікірлер

Көрші сілтемелер