Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Елордада бас санитар қызметкерлердің 80 пайызына қашықтан жұмыс істеуге кеңес берді



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 21:03 - 2020/08/01

Нақты Көзі: https://www.inform.kz/kz/elordanyn-bas-sanitary-kyzmetkerlerdin-80-payyzyna-kashyktan-zhumys-isteuge-kenes-berdi_a3678852


Елордада бас санитар қызметкерлердің 80 пайызына қашықтан жұмыс істеуге кеңес берді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұр-Сұлтан қаласында қатаң шектеу шараларын ұзарту туралы қаулыға сәйкес, меншік нысанына және жұмыс істейтіндердің штаттық санына қарамастан жұмыс берушілер қызметкерлерінің кемінде 80%-ын қашықтықтан жұмыс істеуге ауыстыруы керек, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қаулы тәртібіне сәйкес сауда орталықтарында, таксиде, азық-түлік дүкендерінде, қызмет көрсету объектілерінде және адам көп жиналуы мүмкін орындарда дезинфекциялық іс-шаралар жасалуы керек.

Сонымен қатар, қалалық қоғамдық көлік иелері жолаушыларға қолжетімді жерлерде санитайзер орнатып, әлеуметтік қашықтықты міндетті түрде сақтап, жолаушылар мен жүргізушілердің маска киіп жүруін талап етуі тиіс. Автобустардың жұмыс кестесі сағат 6.00-ден 21.00-ге дейін белгіленіп, қала маңындағы қоғамдық көліктің жұмысы қайта жанданбайды.

«ХҚО жұмысын алдын ала қатаң түрде Egov.kz, EgovKZBot 2.0 телеграм-бот арқылы кезек брондау ретімен күшейтілген санитарлық-профилактикалық шараларды сақтай отырып ұйымдастыру керек. Жұмыс күндері сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін, мамандандырылған ХҚО сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін, Call орталық жұмысы сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін, мамандандырылған ХҚО-ның сенбі күндері сағат 9.00-ден 16.00-ге дейінгі жұмыс істейді» делінген қаулыда.

Одан бөлек, санитарлық-профилактикалық іс-шараларды күшейте отырып, ашық ауада жұмыс істейтін көтерме азық-түлік және азық-түлік сатпайтын базарлар сағат 13.00-ге дейін ашық тұрады. Санитарлық-профилактикалық іс-шараларды күшейте отырып, ашық ауадағы азық-түлік және азық-түлік сатпайтын базарлар жұмыс және демалыс күндері сағат 9.00-ден 15.00-ге дейін істеуі керек.

Ауыл шаруашылығы және азық-түлік жәрмеңкелерін демалыс күндері ғана сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін өтеді.

Тұрмыстық және электрондық техниканы, құрылыс материалдарын сататын дүкендердің (гипермаркеттер, супермаркеттер, шағын маркеттер) жұмыс кестесі - сағат 8.00-ден 20.00-ге дейін. Олар тауарын онлайн тапсырыс қабылдап, курьер арқылы жеткізуі тиіс. Өзіңіз алып кетуге тыйым салынады.

Тұрғын үйде орналасқан тамақ өнімдерін сататын дүкендердің жұмысын ұйымдастыру жүктелген.


Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1231998
Пікірлер

Көрші сілтемелер