Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Францияда жастар арасында індет жұқтырғандар көбейді



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 19:39 - 2020/08/01

Нақты Көзі: https://www.inform.kz/kz/franciyada-zhastar-arasynda-indet-zhuktyrgandar-kobeydi_a3678831


Францияда жастар арасында індет жұқтырғандар көбейді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Францияда өңірлік билік көшеде масканы міндетті түрде тағуды өз бетінше енгізу құқығын алды. Мұндай мәлімдемені ел үкіметі жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Euronews агенттігіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 16 миллионнан асты Коронавирус: Испания қайтадан карантин енгізіп, Оңтүстік Кореяда індет жұқтырғандар артты Солтүстік Кореяда алғаш рет коронавирус жұқтыруы мүмкін науқас анықталды

20 шілдеден бастап елде үсті жабық қоғамдық орында маска тағу міндеттелген болатын.

Парижде шілде айының ортасынан бастап індеттің екінші толқыны жүруі мүмкін екені айтылған еді, бірақ олар бұл жағдайға дайынбыз деп сендіріп отыр.

«40-45 жасқа дейінгі адамдар арасында індетке шалдығушылар саны орташа көрсеткіштен асып түсті. Егде жастағы адамдарға әсер етіп, ауыр зардаптарға әкелген індет қазір жастар арасында тез таралуда. Жастардың қашықтықты сақтамауынан осындай жағдай болып отыр», дейді От-де-Франс аймағының денсаулық сақтау депртаментінің директоры Этьен Шампьон.

Мадридте де көшеде маска тағу міндеттелді. Оған қарсылық танытқан жағдайда 100 еуро айыппұл салынады. Испанияда бірнеше күн қатарынан тәулігіне коронавирус жұқтырған мыңнан астам жаңа жағдай тіркелуде.

Ауру жұқтырғандар саны күрт өсуіне байланысты бірқатар Еуропа елдері өз азаматтарына Испанияда демалудан бас тарту жөнінде кеңес береді. Дегенмен ел билігі жағдайды бақылауда ұстап отыр. Әсіресе курорттық аймақтарда бірқатар талаптар енгізілген.

Сонымен, Германия СІМ жұма күні неміс туристері арасында кеңінен танымал аудандар Каталония, Арагон және Наварраға сапар шегу қауіпті екенін айтып, ескерту жасады.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1231973
Пікірлер

Көрші сілтемелер