Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Алматыда көшеде жарысқан блогерлер ұсталды



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 18:54 - 2020/08/01

Нақты Көзі: https://www.inform.kz/kz/almatyda-koshede-zharyskan-blogerler-ustaldy_a3678828


Алматыда көшеде жарысқан блогерлер ұсталды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда көшеде көлікпен жарыс ұйымдастырған блогер ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Олардың жарысқан видеосы әлеуметтік желіде жарияланған.


Қалалық ПД баспасөз қызметінен хабарлағандай, құқықбұзушылықты арнайы мониторинг топтары анықтады.

«Тексеру нәтижесінде «БМВ» көлігін басқарған Назар Р есімді тұрғынға қатысты ҚР ӘқбК 590-бабының 3-бөлімімен – көлікті жалған нөмірмен айдағаны үшін, ҚР ӘқбК 606-бабымен – апатты жағдай тудырғаны үшін, ҚР ӘқбК 593-бабының 2-бөлімімен – қауіпсіздік белдігін тақпай айдағаны үшін, ҚР ӘқбК 595-бабының 1-бөлімімен хаттама толтырылды. Көлік арнайы айып тұрағына қойылды. Ал Мерседес тізгіндеген адам полциядан қашып жүр», - деді Жергілікті полиция қызметінің басшысы Манап Саттаров.

Жыл басынан бері әкімшілік жауапкершілікке ҚР ӘқбК 590-бабының 5-бөлімімен 500 жүргізуші тартылған.

«Олар көліктеріне дыбыс зорайтқыш орнатқан. Бұл дыбыс көп адамның тыныштығын бұзатыны рас. Қала тұрғындары мотицикл айдаған жүргізушілерге де жиі шағым түсіреді. Тексоңғы аптаның өзінде 17 жүргізуші жауапкершілікке тартылған», - деді Манап Саттаров.


Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1231959
Пікірлер

Көрші сілтемелер