Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Жамбыл облысына 98 млн теңгенің дәрі-дәрмегі жеткізілді



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 16:15 - 2020/07/13

Нақты Көзі: https://www.inform.kz/kz/zhambyl-oblysyna-98-mln-tengenin-dari-darmegi-zhetkizildi_a3672178


Жамбыл облысына 98 млн теңгенің дәрі-дәрмегі жеткізілді

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысына коронавирус пен пневмонияға қарсы дәрі-дәрмектің үлкен партиясы жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
ІІМ басшысы заңсыз дәрі-дәрмек сатқандарды анықтауға көмектескен қазақстандықтарға алғыс айтты Елордаға жүк ұшағымен коронавирусты емдеуге арналған дәрі-дәрмектер жеткізілді Түркістандық дәріханалар 2 тонна дәрі-дәрмекпен толықты

«Жамбыл облысында коронавирус пен пневмонияны емдеуге қолданылатын дәрі-дәрмек тапшылығы мәселесі шешіліп жатыр. Бұл жайт облыс басшылығының тұрақты назарында» делінген облыс әкімінің баспасөз қызметінің хабарламасында.

Айталық, облыстық денсаулық сақтау басқармасы «СК-Фармация» ЖШС өңірдегі өкілдігімен бірлесіп, жетіспеушілік туындап отырған дәрі-дәрмек бойынша өтінім жіберген.

Нәтижесінде, 9-11 шілде аралығында 98 миллион 383 мың теңгеге дәрі-дәрмектің ауқымды партиясы жеткізілді. Олар пневмония және COVID-19 вирусын емдеуге арналған.

Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Жұманқұлов атап өткендей, препараттар облыстық ауруханаларға үлестірілген. Қазіргі таңда дәрі-дәрмек аудандық медициналық мекемелерге жіберілуде.

Жеткізілген дәрі-дәрмектің қатарында антибиотиктер (1300 ампула), антикоагулянттар (2585 ампула), витаминдер (45,170 ампула) және дексаметазон (1850 ампула) бар.

«Бұдан бөлек, бірер күнде дәрі-дәрмектердің жаңа жеткізілімі күтіліп отырғанын айтқым келеді. Біз 700 миллион теңгеге қосымша өтініш жібердік», - дейді Марат Жұманқұлов.

Оның айтуынша, дәрі-дәрмек дәріханаларға да жеткізілмек.

«Ірі дәрі-дәрмек жеткізушілерімен тауарды уақтылы жеткізу бойынша ​​келісімшарт жасалған. Мәселен, бүгінде «Әмір және Д» дәріханаларына 100 миллион теңгеден астам қаржыға дәрі-дәрмек әкелінген», - деді М. Жұманқұлов.

Басқа дәріханалар да қажетті препараттармен қамтамасыз етіледі. Осылайша, дәрі-дәрмек тапшылығы өз шешімін табуда.


Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1219184
Пікірлер

Көрші сілтемелер