Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Төлеби ауданында сел шайып кеткен 42 үй қайтадан тұрғызылып жатыр



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 06:12 - 2020/07/05

Нақты Көзі: https://www.inform.kz/kz/tolebi-audanynda-sel-shayyp-ketken-42-uy-kaytadan-turgyzylyp-zhatyr_a3669256


Төлеби ауданында сел шайып кеткен 42 үй қайтадан тұрғызылып жатыр

ТӨЛЕБИ. ҚазАқпарат - Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев табиғат апатынан зардап шеккен Төлеби ауданын аралап, тұрғындармен тілдесті. «Алатау» мөлтек ауданында бой көтеріп жатқан үйлердің құрылысын қадағалап қайтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Мақтааралда өзбекстандық сарбазды іздестіру жұмыстары әлі де жалғасуда Украинаның батысында 550 үй су астында қалды, 83 көпір қирады Украинаның батысында 180 елдімекен су астында қалды

Ауданда селден зақым келген 42 үй қайта салынуда. Оның 8-де шатыры жабылып, есік-терезелері орнатылған. Қазір ішкі электр желісін өткізу мен сылақ жұмыстары жүргізілуде.

Құрылысшылар сондай-ақ қалған 32 үйдің шатырын жабуға кіріскен. Тағы екі үйдің қабырғасы қаланып жатыр.

Аймақ басшысы сапар барысында баспаналарына зақым келген Төлеби ауданының орталығы Ленгір қаласы мен Киелі тас ауыл округінің тұрғындарымен кездесіп, ой-пікірлерін тыңдады. Жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайдан зардап шеккендердің жартысына жуығы - көпбалалы отбасылар.

Кездесу барысында барлығы да атқарылып жатқан жұмысқа ризашылығын білдірді.

Өмірзақ Естайұлы өз тарапынан мердігер компания өкілдеріне үйлердің сапалы жүргізілуін тапсырып, тұрғындардың барлық жағдайы ескерілуі керектігін баса айтты.

Еске сала кетейік, 13 мамыр күні нөсер жауынның салдарынан Төлеби ауданындағы өзендердің су деңгейі көтеріліп, арық-атыз, қыр-сайлардан жиналып аққан жаңбыр суынан 6 елді мекендегі 250 тұрғын үйлердің ауласына су кірген болатын.

Таулы аймақтарда жүрген селден үйлер мен жолдарды су шайып, бірнеше көпір қираған еді. Арнайы комиссия құрылып, сел салдары шұғыл түрде жойылды.




Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1214122
Пікірлер

Көрші сілтемелер