Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Атыраулықтарға 23:00-ден кейін үйден шығуға тыйым салынды



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 01:45 - 2020/07/05

Нақты Көзі: https://www.inform.kz/kz/atyraulyktarga-23-00-den-keyin-uyden-shyguga-tyyym-salyndy_a3669294


Атыраулықтарға 23:00-ден кейін үйден шығуға тыйым салынды

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау облысының аумағында 5 шілде сағат 00:00-ден бастап 19 шілде сағат 00:00-ге дейін шектеу шаралары енгізілді, деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.

Ұқсас жаңалықтар
Батыс Қазақстанда 5 шілдеден бастап қандай шектеу шаралары енгізіледі Қызылорда облысында 2 апталық карантинге байланысты жаңа шектеулер күшіне енеді Қозғалысы тоқтатылған пойызға билет алған жолаушылар ақшасын қалай қайтара алады

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз орталығында өткен онлайн брифингте Атырау облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы басшысының орынбасары Сүлеймен Әубәкіров мәлімдеді.

- Облыстың бас мемлекеттік санитар дәрігерінің қаулысына сәйкес, тұрғындардың қозғалысына шектеу қойылады. Алайда, азаматтардың тұрғылықты жерінен жұмыс орнына баруына және кері қайтуына тыйым салынбайды. Тек бұл жағдайда олардың жұмыс орнынан берілген анықтама немесе қызметтік куәлігі өздерімен бірге болуы керек. Сондай-ақ, азық-түлік өнімдерін, қажетті тауарларды, дәрі-дәрмекті тұрғылықты жеріне жақын орналасқан дүкендер мен дәріханалардан сатып алуға, төтенше жағдай туындаған кезде медициналық мекемелерге баруға рұқсат етіледі, - деді Сүлеймен Әубәкіров.

Айта кетейік, тұрғындардың қозғалысына кешкі сағат 23:00-ден таңғы сағат 06:00-ге дейін тыйым салынады.


Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1214099
Пікірлер

Көрші сілтемелер