Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Қазақстанда қатаң карантин шаралары күшіне енді



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 00:06 - 2020/07/05

Нақты Көзі: https://www.inform.kz/kz/elimizde-buginnen-bastap-katan-karantin-sharalary-kushine-endi_a3669277


Қазақстанда қатаң карантин шаралары күшіне енді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгіннен бастап елде коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу мақсатында бірқатар шектеу шаралары күшіне енді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қызылорда облысында 2 апталық карантинге байланысты жаңа шектеулер күшіне енеді Қозғалысы тоқтатылған пойызға билет алған жолаушылар ақшасын қалай қайтара алады Бәріміз бір-біріміз үшін жауаптымыз – Волонтер карантин туралы

14 күнге созылатын шектеу шаралары барысында ҚР Бас мемлекеттік санитар дәрігерінің қаулысына сәйкес, елдер тізімін көбейтпей, халықаралық әуе қатынасы сақталатын болды. Өңірлер арасындағы әуе қатынасы, темір жол қатынасы сақталғанымен, нақты шектеу шаралары қолданылады.

Өңірлер арасындағы жолаушылар автобусы қатынасы уақытша тоқтатылды. Қала ішіндегі қоғамдық көліктің жұмысына да уақыт бойынша шектеу енгізілді. Мәселен, ертеңнен бастап елордада алдағы 2 аптаға қоғамдық көлік қозғалысы тоқтатылады.

Ойын-сауық, спорт және басқа да бұқаралық іс-шараларды, сондай-ақ отбасылық, еске алу шараларын өткізуге тыйым салынды. Ашық ауада жаттығу жасауға рұқсат етілгенімен, тұрғындардың көшеде, саябақта, скверлерде 3 адамнан артық серуендеуіне шектеу енгізілді. 65 жастан асқан адамдардың сыртқа шығуына тыйым салынды.

Сұлулық салондары, шаштараз, спорт залдары, фитнес орталықтар, бассейндер, азық-түлік және азық-түліктік емес жабық базарлар, жағажайлар, аквапарктер, мәдениет нысандары, музейлер, көрмелер, форумдар, конференциялар және өзге де ұйымдастырылған бұқаралық іс-шаралар, ойын-сауық орталықтары, мектепке дейінгі балалар мекемелері (кезекші топтардан басқа), діни нысандар және т. б. (СОСО-дағы ойын-сауық орталықтары, ойын-сауық нысандары (караоке, бильярд, компьютер клубтары, боулинг орталықтары), кинотеатрлар, балаларды сауықтыру лагерлері, фудкорттар, банкет залдары) қызметіне тыйым салынды.

Мемлекеттік органдардың (ұйымдардың), кеңселердің, ұлттық компаниялардың және өзге де ұйымдардың қызметкерлерінің кемінде 80 пайызының қашықтан жұмыс істеу режимі сақталатын болады.

Алдын ала жазылу бойынша медицина орталықтарының, дәріханалардың, азық-түлік дүкендерінің, ашық базарлардың қызметі жалғасады.

Күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, ашық ауада қоғамдық тамақтану нысандары; үздіксіз өндірістік айналымы бар құрылыс, өнеркәсіп кәсіпорындары; ашық ауадағы құрылыс жұмыстары; ауыл шаруашылығы, балық шаруашылығы және мал шаруашылығы жұмыстары; халыққа қызмет көрсету салалары, оның ішінде авто жуу, автомобильдерді және тұрмыстық техниканы жөндеу, ХҚО-лар, екінші деңгейлі банктер (уақыт бойынша шектеу енгізумен) жұмысын жалғастырады.


Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1214080
Пікірлер

Көрші сілтемелер