Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Із-түзсіз жоғалған ақмолалық Нұр-Сұлтанда аурханадан табылды



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 15:48 - 2020/06/30

Нақты Көзі: https://www.inform.kz/kz/iz-tuzsiz-zhogalgan-akmolalyk-nur-sultanda-aurhanadan-tabyldy_a3667597


Із-түзсіз жоғалған ақмолалық Нұр-Сұлтанда аурханадан табылды

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Ақмола облысында жоғалған 40 жастағы әйел Нұр-Сұлтан қаласындағы ауруханадан табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
АҚШ-тың Калифорния штатындағы атыс кезінде екі адам мерт болды Беларусь мемлекетінде орманға баруға уақытша тыйым салынды Оралда белгісіз біреу түрменің ауласына 17 ұялы телефон лақтырған

Ведомствоның мәліметінше, Ерейментау аудандық ПБ-не жергілікті тұрғын, 40 жастағы әйелдің туыстары хабарласып көмек сұраған. Туыстарының сөзінше, әйел маусымның 15-де үйінен шығып кетіп, қайтып оралмаған.

«Жедел-іздестіру кезінде тәртіп сақшылары із-түзсіз жоғалған әйелдің елордағы медициналық мекемелердің бірінде болғанын анықтады», - дейді ведомстводан.

Сонымен қатар, полиция қызметкерлері 12-ші маусым күні жоғалған Степногор қаласының тұрғыны 27 жастағы әйелдің жүрген жерін анықтады. Әйел үйінен кеткеннен бері жақындарымен байланысқа шықпаған.

«Анықталғандай, әйел Қарағанды қаласында болған, оған қатысты қылмыс немесе қандай да бір құқық бұзушылық жасалған жоқ. Онымен профилактикалық әңгіме өткізілді», - деп толықтырды ведомстводан.

Осыған байланысты тәртіп сақшылары өңір тұрғындарына ұзақ уақытқа басқа жаққа кеткен кезде жақындарына ескертуді сұрайды.


Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1211050
Пікірлер

Көрші сілтемелер