Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Қазақстанда КВИ-ді емдеу хаттамасына өзгеріс енгізілді



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 15:36 - 2020/06/30

Нақты Көзі: https://www.inform.kz/kz/kazakstanda-kvi-di-emdeu-hattamasyna-ozgeris-engizildi_a3667594


Қазақстанда КВИ-ді емдеу хаттамасына өзгеріс енгізілді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - COVID- 9 коронавирус инфекциясын диагностикалау және емдеу клиникалық хаттамасына толықтырулар енгізілді. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Людмила Бюрабекова Facebook-парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«COVID-19-ды диагностикалау және емдеу клиникалық хаттамасының 10-редакциясына коронавирус инфекциясын емдеуде айтарлықтай толықтырулар енгізілді. COVID-19 кезінде бактерияға қарсы терапияны б актериялық инфекция қосылған жағдайда ғана қолдануға баса назар аударылды. COVID-19 кезінде өкпенің вируспен зақымдануы эмпирикалық бактерияға қарсы терапияны бастау үшін көрсеткіш бола алмайды», - деді вице-министр.

Оның атап өтуінше, хаттаманы әзірлеушілер COVID-19-дың ауырлық деңгейі орташа науқастарға амбулаторлық деңгейде инфекцияның стационарға жатқызғанға дейін вирусқа қарсы препараттар қолдану ұсынысы қолдау тапқан. Бұл үшін хаттамаға амбулаторлық кезеңде емдеу сызбасы қосылып отыр: гидроксихлорохин және Лопинавир/ритонавир.

«Бұған қоса, ендігі уақытта пациенттер стационар деңгейінде Жапония мен Ресейде COVID- 19-ды емдеуде кеңінен қолданылған Фавипиравир дәрісін ала алады», - деді Людмила Бюрабекова.


Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1211036
Пікірлер

Көрші сілтемелер