Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Асқар Мамин ҰБТ өткізу жайында: Ең басты міндет - балалардың қауіпсіздігі



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 11:00 - 2020/06/02

Нақты Көзі: https://www.inform.kz/kz/askar-mamin-ubt-otkizu-zhayynda-en-basty-mindet-balalardyn-kauipsizdigi_a3656799


Асқар Мамин ҰБТ өткізу жайында: Ең басты міндет - балалардың қауіпсіздігі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ұлттық бірыңғай тест өткізу барысында балалардың қауіпсіздігін барынша қамтамасыз ету қажет. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бұл мәселе өте маңызды. 20 маусымнан бастап түлектер ҰБТ тапсыра бастайды. Оған 131 мыңнан астам оқушы немесе өткен жылмен салыстырғанда 12 пайызға артық түлек қатысады. Қалыптасып отырған жағдайды ескерсек, ҰБТ дәстүрлі режимде, бірақ санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып өткізіледі. Сондықтан ең басты міндет балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып саналады. Бүгінгі күнге тестілеуге дайындық пен оны өткізу бойынша міндеттер нақты айқындалған. ҰБТ өткізілетін 161 пункт, 1 200-ден астам аудитория дайындалды», - деп атап өтті Үкімет басшысы.

Осы орайда Премьер-Министр Білім және ғылым министрлігіне Денсаулық сақтау, Ішкі істер министрліктерімен және өңірліктердің әкімдіктерімен бірлесіп, тестілеу өткізудің қауіпсіздігін, түлектерді тасымалдау нормаларын сақтай отырып, жеткізуді қамтамасыз етуді тапсырды.

«ҰБТ өткізілетін пункттердің алдына адамдардың көп жиналуына жол берілмесін. Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі қазіргі жағайда ҰБТ өткізу жөніндегі кең ауқымды ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізуі қажет. Ералы Лұқпанұлы, мәселені бақылауда ұстаңыз», - деді Асқар Мамин орынбасары Ералы Тоғжановқа қарата.


Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1191846
Пікірлер

Көрші сілтемелер