Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Қалааралық автобустар 5 маусымнан бастап қатынайды – ИИДМ



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 04:33 - 2020/05/30

Нақты Көзі: https://www.inform.kz/kz/kalaaralyk-avtobustar-5-mausymnan-bastap-katynaydy-iidm_a3655915


Қалааралық автобустар 5 маусымнан бастап қатынайды – ИИДМ

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қалааралық автобустар 5 маусымнан бастап қатынайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ИИДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2020 жылы 13 мамырда Қазақстан Республикасы аумағында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның шешіміне сәйкес, 5 маусымынан бастап автомобиль көлігімен жолаушылар тасымалы қалпына келтіріледі.

Жолаушыларды автобустармен тасымалдау кезінде тасымалдаушылардың тиісті жұмыс алгоритмі Бас санитарлық дәрігердің қаулысының талаптарын ескере отырып әзірленді.

Атап айтқанда, бағдардың соңғы пунктінде автобусқа дезинфекция жүргізу; жолаушыларды салонға маскамен ғана кіргізу; жолаушылардың 1 метр қашықтықты ұстануы; жүргізушіні қолғап, маскамен қамтамасыз ету, оны әрбір 2 сағат сайын ауыстыру; автопарк қызметкерін екі аптада 1 рет СOVID-19-ға теріс нәтиже туралы анықтама болған кезде ғана жұмысқа шығару сияқты талаптар қойылады.

Әкімдіктер жолаушы тасымалы кезінде коронавирус инфекцияның таралуының алдын алуда тиімді болу үшін тасымалдау процесіне қатысушылардың осы алгоритмге сәйкестігін қамтамасыз етуге қажетті шараларды қабылдауы тиіс.

Қазіргі уақытта республикада 313 қалааралық бағыт бар. Оларды 610 автобуспен (сыйымдылығы 45-55 орындық III санаттағы автобустар) 88 тасымалдаушы кәсіпорын атқарады.

Еске сала кетсек, 1 маусымнан қалалар арасында блокпостар алып тасталады. Жеке автокөлікпен қалалар арасында сапарлауға рұқсат етіледі.

Айта кетейік, 19 наурыздан бастап Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында карантин жарияланды. Сол кезден бастап елордадан шығатын қалааралық автобустардың қозғалысына тыйым салынды. Ал, Шымкенттен елорда мен Алматыға қатынайтын автобустар 18 наурызда тоқтатылды.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1190014
Пікірлер

Көрші сілтемелер