Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Алматыда 9299 мектеп түлегі үлкен өмірге қанат қақты



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 16:03 - 2020/05/25

Нақты Көзі: https://www.inform.kz/kz/almatyda-9299-mektep-tulegi-ulken-omirge-kanat-kakty_a3653840


Алматыда 9299 мектеп түлегі үлкен өмірге қанат қақты

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев соңғы қоңырауға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгін мектеп түлектері үшін ең маңызды күн.

Алматыда 9299 мектеп түлегі үлкен өмірге қанат қақты. Соның ішінде 545 түлек — «Алтын белгі» иегері, 714 оқушы оқу озаты атанды. Биыл мектептерде соңғы қоңырау алғаш рет онлайн түрде соғылды. Мектеп директорлары мен ұстаздар бұл күннің сән-салтанатын келістіріп, сезіндіру үшін қолдан келгенді жасады. Қыруар еңбек атқарылды. Төртінші тоқсанда сабақтар қашықтан өтті. Оқу процесінің үзілмеуі үшін жедел іске кірістік», - деді әкім.

Қала басшысы онлайн оқыту ұстаздар, ата-аналар, оқушылар үшін сынақ болғанын айтты.

«Құрметті ұстаздар, оқушылар және олардың ата-аналары! Біз қиын сәтті бірлесе еңсере білдік, сынақтан сүрінбей өттік. Тәжірибе жинақтадық. Бұл — болашақтағы заман сынағына лайықты төтеп беруімізге қажет тәжірибе. Биылғы түлектер мектепті онлайн тәмамдады. Қолайсыз жағдайда да білімге ерекше құштарлық таныттыңыздар. Балаларға қолдау көрсеткен ата-аналарға мың алғыс. Өз міндеттерін мүлтіксіз атқарған мұғалімдерге рахмет.

Құрметті түлектер! Өмірлеріңіздің жаңа парағын ашқалы тұрсыздар. Білім көкжиегін кеңейтуге мүмкіндік көп. Қай мамандықты таңдасаңыз да, сол мамандықтың білгір маманы болып шығуға тырысыңыздар. Табандылық — арман мен мақсатыңа апарар алғашқы қадамың. Оқушының жетістігі — ұстаздың абыройы, еңбегінің нәтижесі. Ақ жол!» - деді әкім.


Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1186103
Пікірлер

Көрші сілтемелер