Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ордабасы ауданындағы инвестжобаларды тексерді



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 08:51 - 2020/05/23

Нақты Көзі: https://www.inform.kz/kz/turkistan-oblysy-akiminin-orynbasary-ordabasy-audanyndagy-investzhobalardy-tekserdi_a3653205


Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ордабасы ауданындағы инвестжобаларды тексерді

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысы әкімінің орынбасары Мейіржан Мырзалиев іссапармен Ордабасы ауданына барып, өңірдегі инвестициялық жобалардың іске асырылу барысымен танысты.

«Бадам» қазақ-түрік индустриалды аймағының даму қарқынын көріп қайтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мейіржан Мырзалиев индустриалды аймақтағы инфрақұрылым қуаты мен оның ішінде электр және газбен жабдықтау жұмыстарын көріп шығып, сумен қамтамасыз ету және кәріз жүйелерінің қуатын 52 га дейін ұлғайту бойынша жаңа жобаны әзірлеуге тапсырма берді.

Облыс әкімінің орынбасары кездесуде жауапты сала басшыларымен инфрақұрылымға қатысты мәселені шешудің ықтимал жолдарын талқылады.

Айта кетейік, Ордабасы ауданында орналасқан «Бадам» қазақ-түрік индустриалды аймағының құрылысы 2012 жылы басталған болатын. Бүгінде онда жалпы инвестиция қаражаты 4,6 млрд теңгені құрайтын 4 өндіріс орны жұмыс істеуде. Сонымен қатар, іргелес жерде аталмыш индустриалды аймақтың инфрақұрылымын пайдаланатын 4 кәсіпорын орналасқан. Олардың инвестиция құны 20,7 млрд теңгені құрайды. Алайда, қазіргі уақытта қолданыстағы инфрақұрылым қуаты жұмыс істеп тұрған зауыттардың сұранысын жабу үшін жеткіліксіз. Өйткені, бастапқыда жүргізілген инфрақұрылым кәсіпорындардың мұндай жоғары сұранысына есептелмеген болатын. Сарапшылардың пікірінше, жаңа серпіліс жасағалы отырған «Бадам» индустриалды аймағы әлеуетті инвесторлар үшін өте ыңғайлы әрі ұтымды жоба болмақ.


Оның үстіне Шымкент қаласына жақын орналасқандығы да өндіріс орындарының қызметіне өте тиімді.


Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1184857
Пікірлер

Көрші сілтемелер