Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Маңғыстауда түйенің күл ауруына қарсы жаңа вакцина сынақтан өткізілуде



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 02:33 - 2020/02/19


Маңғыстауда түйенің күл ауруына қарсы жаңа вакцина сынақтан өткізілуде

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Маңғыстауда түйенің күл ауруына қарсы жаңа вакцина сынақтан өткізілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Елімізде вакцинацияға қарсы лобби өте күшті болып тұр – Бекшин Бас санитарлық дәрігер қызылшаның жаңа вирусынан сақтануға шақырды Екпе алмаған балаларды балабақшаға кіргізбейді – Бекшин

Қазіргі уақытта Қазақстанда және Кеден одағына мүше-елдерде түйенің күл ауруына қарсы вакцина шығарылмайды.

Осы жағдайды ескерген, ҚР Білім және ғылым министрлігі Биологиялық қауіпсіздік мәселелерін ғылыми зерттеу институтының ғалымдары ауруға қарсы жаңа вакцинаны жасап шығарды. Осы жылдың ақпан айынан бастап ғалымдар Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы шаруашылықтарында жаңа вакцинаны өндіріске енгізу алдындағы сынақ жұмыстарын жүргізуде.

«Осы уақытқа дейін 110 түйеге вакцина салынды, бұл Бейнеудегі 3 шаруа қожалығының малдары. Әзірше, оның кері әсері байқалған жоқ. Ғалымдар зертханаға тексеруге алып кетті. Нәтижесін күтудеміз. Егер қорытынды жақсы болса, қолданысқа енгізіледі»,-дейді облыстық ветеринария басқармасының басшысы Шамғали Хамиев.


Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1116503
Пікірлер

Көрші сілтемелер