Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Қазақстанның солтүстігінде қатты бұрқасын болады - Қазгидромет



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 01:16 - 2020/02/19


Қазақстанның солтүстігінде қатты бұрқасын болады - Қазгидромет

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Қазгидромет» РМК 19 ақпанға арналған ауа райы болжамын ұсынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Алматыда қар көшкіні қаупі сақталып тұр Сейсенбіге арналған ауа райы болжамы Алматыда 7 қар көшкіні болды

Қазақстан территориясының солтүстікке, ортасына, шығысқа циклон жырасы әсер етеді, сонымен байланысты қар жауады, түнде Ақмола облысының кей жерлерде қатты қар жауады. Батысында, оңтүстігінде жауын-шашынсыз болады. Республика бойынша кей жерлерде тұман, көктайғақ күтіледі, жел күшейеді, солтүстікте және ортасында бұрқасынмен күтіледі.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарында бұрқасын күтіледі, жел 15-20, кей жерлерде 23-28 м/с, екпіні 30 м/с және одан да жоғар болады, кей жерлерде тұман, көктайғақ күтіледі.

Қостанай облысында жел 15-20, екпіні 23-28 м/с, кей уақытта 30 м/с және одан жоғары күтіледі, кей жерлерде бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі.

Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде бұрқасын күтіледі, жел 15-20, екпіні 23-28 м/с күшейеді, Павлодар облысында көктайғақ күтіледі, Қарағанды облысында тұман түседі.

Түркістан, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде бұрқасын күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді, Түркістан облысында тұман болады.

Жамбыл, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді, Батыс Қазақстан облысында көктайғақ болжанады.

Маңғыстау облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Қызылорда, түнде Алматы облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.


Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1116488
Пікірлер

Көрші сілтемелер