Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Мемлекеттік және квазимемлекеттік сектор шығыстары 128,6 млрд теңгеге қысқарады - министр



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 10:31 - 2020/02/18


Мемлекеттік және квазимемлекеттік сектор шығыстары 128,6 млрд теңгеге қысқарады - министр

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекеттік және квазимемлекеттік сектор шығыстарын 128,6 млрд теңгеге қысқартады.

Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары – Қаржы министрі Әлихан Смайылов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Президент 24 қаңтарда мемлекеттік және квазимемлекеттік сектордағы басымдықты емес шығыстарды қысқарту бойынша жұмысты жалғастыруды тапсырды. Осы тапсырманы орындау үшін шығыстарды талдау бойынша жұмыс жүргізілді және оларды қысқарту бойынша ұсыныстар әзірленді. Осы ұсыныстар биылғы жылдың бюджетін нақтылау және келесі үш жылдық кезеңге арналған бюджетті қалыптастыру кезінде жүзеге асырылатын болады», - деді ол.

Бірінші вице-премьердің айтуынша, жалпы алғанда шығыстарды оңтайландыру бойынша сомасы 128,6 млрд теңгеге ұсыныстар берілді. Оның ішінде мемлекеттік органдардан 23 млрд теңге, өңірлерден 26,6 млрд теңге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінен 79 млрд теңге үнемделмек.

«Мемлекеттік бюджет бойынша оңтайландыруға мынадай шығыстар ұсынылды: семинарлар, конференциялар өткізуге, автокөлік, жиһаз сатып алуға арналған шығыстар, іссапар, өкілдік шығыстар, талдамалы зерттеулер, өзге де өнімді емес шығыстар. Өз кезегінде Қаржы министрлігінің 2018-2019 жылдары бюджетті атқару, бюджет заңнамасының жаңа нормалары, сондай-ақ инвестициялық жобалардың толық және уақтылы игерілуін бағалау негізінде шығыстарды оңтайландыру бойынша қосымша ұсыныстары бар. Осыған сәйкес, әкімшілермен бірлесіп 2020 жылға арналған бюджетті нақтылау кезінде ескеру үшін шығыстарды қосымша оңтайландыру мәселесі пысықталады», - деді Ә.Смайылов.


Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1115815
Пікірлер

Көрші сілтемелер