Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Елена Рыбакина үздік 20 теннисшінің қатарына кірді



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 10:24 - 2020/02/17


Елена Рыбакина үздік 20 теннисшінің қатарына кірді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина үздік 20 теннисшінің қатарына кірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстандық атлет Олимпиада лицензиясын жеңіп алды Теннис: Елена Рыбакина Санкт-Петербург турнирінің финалында есе жіберді Теннис: Данилина Дубай турнирінің іріктеу сайысын сәтті бастады

Бүгін жаңартылған WTA рейтингісінде 20 жастағы қазақстандық теннисші 25-тен 19-орынға көтерілді.

Бұл Қазақстан үшін рекордтық көрсеткіш болып саналады. 2012 жылы 29 қазанда Ярослава Шведова 25-ракетка атанған еді.

Тағы бір қазақстандық Юлия Путинцева 34-тен 32-ге жоғарыласа, Зарина Дияс бұрынғы 63-орнында қалды.

Әлемдік рейтинг көшін бұрынғыша аустралиялық Эшли Барти бастап келеді. Румыниялық Симона Халеп екінші, чехиялық Каролина Плишкова үшінші орында.

Ерлер арасында Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик 56-дан 55-ке көтерілсе, Михаил Кукушкин 67-ден 69-ға сырғыды. Дмитрий Попко 173-тен 168-ге шықты.

Мұнда сербиялық Новак Джокович көш тізгінін ұстаса, испаниялық Рафаэль Надаль екінші, швейцариялық Роджер Федерер үшінші орында тұр.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Е.Рыбакинаның Санкт-Петербург турнирінің финалында есе жібергенін жазған болатынбыз.

Е.Рыбакинаның премьер деңгейіндегі тағы бір турнир – бүгін басталатын Дубай додасында сәтті өнер көрсетсе, рейтингісін одан сайын жақсартатындай мүмкіндігі бар. Бұл жарыстың алғашқы айналымында ол әлемнің 7-ракеткасы, биылғы Аустралия ашық чемпионатының жеңімпазы, америкалық София Кенинмен күш сынасады.


Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1115003
Пікірлер

Көрші сілтемелер