Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Біз дипломатияға үміт артуымыз керек - Вольфганг Ишингер



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 21:54 - 2020/02/14


Біз дипломатияға үміт артуымыз керек - Вольфганг Ишингер

МЮНХЕН. ҚазАқпарат – Дипломатия нәтиже беру үшін біз бір-бірімізбен диалог құруымыз керек. Бұл туралы Мюнхен қауіпсіздік конференциясының төрағасы Вольфганг Ишингер мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Мюнхен конференциясы: Мемлекет басшысы өңірлік қауіпсіздік бойынша сөз сөйлейді Вольфганг Ишингер әлем көшбасшыларын БҰҰ-ның беделін нығайту ісіне атсалысуға шақырды Қасым-Жомарт Тоқаев Канада Премьер-Министрімен кездесті

«Біз мұнда Трамп Әкімшілігі өкілінің келгенін ризашылықпен атап өткім келеді. Сонымен қатар, біз осы конференцияға Иранның да өкілдерін шақырамыз. Егер де дипломатия нәтиже бергенін көргіміз келсе, біз бір-бірімізбен диалог құруымыз керек. Яғни бұл тұрғыда бір-біріміз жайында сырттай талқылағанның қажеті жоқ деп ойлаймын. Атап айтқанда, Солтүстік Корея өкілдері біздің конференцияға қатысуға шешім қабылдаса, онда осы елдің ұстанымын тыңдау үшін оларды да тыңдауға дайынбыз. Сондықтан бұл ұстаным біздің мақсаттар мен міндеттердің маңызды бөлігі болуы тиіс деп санаймын», - деді В. Ишингер Мюнхен қауіпсіздік конференциясының 56-шы отырысында.

Еске сала кетейік, конференция барысында Вольфганг Ишингер әлемдік көшбасшыларды БҰҰ-ның беделін нығайтуға белсенді атсалысуға шақырды.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Германиядағы Мюнхен қауіпсіздік конференциясына қатысуда.

Мюнхен қауіпсіздік конференциясының 56-шы отырысы 2020 жылдың 14-16 ақпаны аралығында өтеді. Аталған іс-шараға 40-қа жуық мемлекеттің басшылары, 100-ден астам сыртқы істер және қорғаныс министрлері, халықаралық қатынастар саласындағы беделді сарапшылар, Еурокомиссия өкілдері, сондай-ақ Еуропалық парламент депутаттары қатысуда. Айта кетейік, жыл сайын форумға әлемнің 70 елінен 400-600 адам қатысып келді. Олардың арасында мемлекет және үкімет басшылары, әскери әрі саяси көшбасшылар, министрлер кабинетінің мүшелері, парламент депутаттары, ғалымдар, саясаттанушылар, азаматтық қоғам өкілдері қамтылды.

Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Мюнхен қаласына (Германия) жұмыс сапарымен баратыны хабарланған еді.



Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1114079
Пікірлер

Көрші сілтемелер