Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Елордада үш күн бұрын жоғалып кеткен оқушы табылды



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 18:51 - 2020/01/21


Елордада үш күн бұрын жоғалып кеткен оқушы табылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қаласының тәртіп сақшылары үш күн бұрын үйінен шығып кеткен 14 жастағы баланы тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Жамбылда жасөспірім жоғалып кетті Сарыағашта із-түзсіз кеткен 16 жасар бозбала жалдамалы пәтерден табылды ШҚО полицейлері жоғалған балаларды түні бойы іздеді

Айта кетсек, бұған дейін елордада мектеп оқушысы үш күннен бері іздестіріліп жатқаны хабарланған болатын. Жасөспірім 18 қаңтарда сағат 19.00-де үйінен шығып, хабарсыз кеткен.

«Елордалық полиция қызмектерлері кәмелетке толмаған баланы табу үшін тиісті шараларды қабылдап, іздестіру жұмыстарын жүргізді. 21 қаңтарда учаскелік полиция инспекторы Абзал Әділбаев жоғалған жасөспірімді елордадағы тамақтандыруға арналған орындардың бірінен тауып алды. Қазіргі уақытта кәмелетке толмаған бала анасына тапсырылды. Әйелдің айтуынша, ұлы бұрын да үйінен қашып кетіп жүрген. Сабақтан да жиі қалады», - деп хабарлады қалалық Полиция департаментінен.

Жасөспірімдер ісі жөніндегі полиция баланың заңды өкілдерімен әңгімелесіп, аталмыш фактінің қайталанбауы керектігін ескертті.


Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1099735
Пікірлер

Көрші сілтемелер