Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


18 қаңтар. Туған күн иелері



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 08:12 - 2020/01/18

Нақты Көзі: https://www.inform.kz/kz/18-kantar-tugan-kun-ieleri_a3604171


18 қаңтар. Туған күн иелері

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін, яғни 18 қаңтар күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? ҚазАқпарат оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

ЕСІМДЕР


60 жыл бұрын (1960) ҚР Парламент Мәжілісі VI шақырылымының депутаты, Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі Александр Васильевич СУСЛОВ дүниеге келді.

Ресейдің Алтай өлкесі Залесовский ауданы Тундриха селосында туған. 1977 жылы Серго Орджоникидзе атындағы Еңбек Қызыл Ту орденді Сібір Металлургиялық институтына түсіп, 1982 жылы оқу орнын «Болат пен ферроқорытпа электрометаллургиясы» мамандығы бойынша бітірді.
1984 - 1986 жылдары - Ақсу ферроқорытпа зауыты № 2 цех балқытушысы, Ақсу қаласы; 1986 - 1988 жылдары - № 2 цех негізгі өндірістік участогының шебері; 1988 - 1990 жылдары - № 2 цехының ауысым бастығы; 1990 - 1996 жылдары - № 2 цех ыстық жұмыстар участогының аға шебері; 1996 - 2003 жылдары - № 2 цехының бастығы; 2003 - 2004 жылдары - Ақсу ферроқорытпа зауытының (АФЗ) өндірістік-техникалық басқармасының басшысы, Ақсу қаласы; 2004 - 2008 жылдары - АФЗ директорының өндіріс және экология бойынша орынбасары; 2008 - 2016 жылдары - АФЗ техникалық директоры. 2016 жылғы 24 наурызда «Нұр Отан» партиясының партиялық тізімімен Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің алтыншы шақырылым депутаты болып сайланды.


56 жыл бұрын (1964) «Қазхром» трансұлттық компаниясы» АҚ президенті Арман Бекетұлы ЕСЕНЖОЛОВ дүниеге келді.

Ақтөбе облысының Шалқар қаласында туған. Техника ғылымдарының кандидаты. Ғылым, техника және білім беру саласындағы ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (2003).

Мәскеу болат және қорытпалар институтын (1986) бітірген, инженер-металлург.

Металлургия саласындағы оннан астам авторлық патентке, оның ішінде РФ патенттеріне ие. 1986 жылдан - Ақтөбе ферроқорытпа зауытының балқытушысы, 1987 жылдан - өндірістік шебері, 1989 жылдан - ауысым бастығы, 1991 жылдан - аға шебері, 1993 жылдан - цех бастығы, 1997 жылдан - бас инженердің орынбасары - өндірістік-техникалық бөлімінің бастығы, 2002 жылдан - зауыттың бас инженері. 2006 жылдан - Серов ферроқорытпа зауытының (РФ) бас директоры. 2008 жылдан бері - «Қазхром» ТҮК» АҚ филиалы - Ақсу ферроқорытпа зауытының директоры. «Қазақстан Алюминийі» АҚ президенті (басқарма төрағасы) (2015-2018).

Қазіргі қызметінде 2018 жылдың наурыз айынан бастап. 2010 жылы «Құрмет» орденімен марапатталған.



47 жыл бұрын (1973) Ақтөбе қаласының әкімі Мавр Ерғалиұлы АБДУЛЛИН дүниеге келді.

Батыс Қазақстан ауыл шаруашылығы институтын экономист-менеджер мамандығы бойынша бітірген.

Ойыл аудандық мәдениет бөлімінің меңгерушісі, Ойыл ауданы әкімінің орынбасары, облыстық ауыл шаруашығы басқармасы басшысының орынбасары, Ойыл, Алға аудандарының әкімі қызметтерін атқарды. 2017-2019 жылдары Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары болған.

Қазіргі қызметінде – 2019 жылдың маусымынан.


37 жыл бұрын (1983) «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» АҚ басқарушы директоры Мұрат ЖҰМАНБАЙ дүниеге келген.

Қарағандыда туған. Қазақ гуманитарлық-заң университетін (2004); Қазтұтынуодағының жанындағы Қарағанды экономика университетін (2006) бітірген.

Еңбек жолы: Қаржы полициясы академиясының оқытушысы, аға оқытушысы, ғылыми зерттеуші (2004-2009); Қазақстан Республикасының экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) баспасөз орталығының ерекше маңызды істер жөніндегі аға инспекторы (2009-2010); Қазақстан Республикасының экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясы) баспасөз хатшысы, баспасөз орталығының бастығы (2010-2012); Қазақстан Республикасының экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) төрағасының кеңесшісі – ресми өкілі (2012); ҚР Парламенті Мәжілісі төрағасының кеңесшісі – ҚР Мәжілісі Аппараты баспасөз қызметінің басшысы (2014-2016); ҚР Парламенті Сенатының Құқықтық сараптамалар бөлімінің бас консультанты, ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Қоғаммен байланыс басқармасының басшысы (2016-2017); ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігі ОКҚ ресми өкілі – директор орынбасары (02.2017-04.2017); ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің ресми өкілі (04.2017-11.2017). 2017-2019 жылдары «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ қоғаммен байланыс департаментінің басшысы.

Қазіргі қызметінде – 2019 жылдың қыркүйегінен.


Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1098038
Пікірлер

Көрші сілтемелер