Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2020-01-261180367846 %54 %
2020-01-272008846265 %35 %
2020-01-28942238645 %55 %

Дмитрий Баландин Қытайдағы Сhampions Swim Series турнирінің екінші маусымына қатысады



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 03:00 - 2020/01/15


Дмитрий Баландин Қытайдағы Сhampions Swim Series турнирінің екінші маусымына қатысады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 14-16 қаңтар күндері Қытайдың Шеньчжэнь қаласында Халықаралық су спорты түрлері федерациясының ұйымдастыруымен Champions Swim Series турнирінің екінші маусымы басталады. Турнирге қатысушылар арасында Олимпиада чемпионы Дмитрий Баландин де бар, деп хабарлайды Olympic.kz-ке сілтеме жасап ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
ХОК Токио олимпиадасында саяси ишараларға тыйым салды ҚХЛ: «Барыс» овертаймда «Локомотивтен» басым түсті Лозанна-2020: Қазақстандық биатлоншылар эстафетада үздік ондыққа енді

Жарысқа қатысушылар қатарында олимпиада чемпиондары, әлем чемпиондары мен рекордшылар және өткен жылғы FINA рейтингіндегі үздіктер бар.

2016 жылғы Рио Олимпиадасынан соң танымал болған Дмитрий Баландин де элита қатарына енді. Қазақстандық спортшы 200 метрге брасс әдісімен жүзуден сынға түседі. Бұл қашықтықта 2015 жылғы әлем чемпионы Маркус Кох (Германия), Еуропа чемпионы Арно Камминга (Нидерланд) және Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Джон Перно бақ сынайды. 200 метрге брасс әдісімен жүзуден бәсеке 15 қаңтарға жоспарланған.

Турнирге жалпы есебі 26 мемлекеттен 70 спортшы қатысады.

Айта кетелік, «Champions Swim Series» турнирінің бірінші маусымында Баландин 2020 жылғы Олимпиада ойындарына жолдама алған болатын.


Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1096234
Пікірлер

Көрші сілтемелер