Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


ШҚО-да үш жыл ішінде 8 студенттер жатақханасы салынады



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 01:54 - 2020/01/15

Нақты Көзі: https://www.inform.kz/kz/shko-da-ush-zhyl-ishinde-8-studentter-zhatakhanasy-salynady_a3603682


ШҚО-да үш жыл ішінде 8 студенттер жатақханасы салынады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазіргі уақытта өңірде Елбасының үшінші бастамасын орындау шеңберінде жоғары білімнің қолжетімділігі мен сапасын арттыру, студент жастардың өмір сүру жағдайын жақсарту бойынша іс-шаралар жүзеге асырылуда, деп хабарлайды ШҚО әкімінің баспасөз қызметі.

Ұқсас жаңалықтар
Өскеменде биыл 7 балабақша ашылмақ 2020 жылы Маңғыстауда тоғыз жаңа балабақша салынады Нұр-Сұлтанда жаңа балабақша төрт жылдан бері бос тұр

Бүгінгі таңда студенттер үшін қолайлы жағдай жасалуда. Өңірдің 7 жоғары оқу орнында 17 жатақхана, 28 колледжде - 30 жатақхана бар. 2023 жылға дейін 3348 орындық тағы 8 жатақхана салынатын болады.

2020 жылы Өскемен қаласында 672 орындық медициналық және құрылыс колледждері үшін, сондай-ақ Семей қаласының бизнес және сервис колледжі үшін 288 орындық үш жатақхана салу жоспарлануда.

Даниал Ахметов базасында өндірістік тәжірибе өтетін колледждер мамандандырылған жабдықтармен жабдықталатынын атап өтті.

«Осы кешенді шаралар арқылы біз ұмтылатын түпкі мақсат – өңір колледж түлектерінің жұмысқа орналасу коэффициентін 92 пайызға дейін жеткізу. Біз бұрынғысынша көп балалы және аз қамтамасыз етілген отбасылардан шыққан балалар үшін жоғары білімге қол жеткізуге ерекше назар аударуымыз қажет», - деді Даниал Ахметов.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1096216
Пікірлер

Көрші сілтемелер