Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2020-01-261180367846 %54 %
2020-01-272008846265 %35 %
2020-01-28942238645 %55 %

СҚО-да үш балабақшада қазақтілді топтар жабыла ма? - Білім басқармасының жауабы



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 00:24 - 2020/01/15


СҚО-да үш балабақшада қазақтілді топтар жабыла ма? - Білім басқармасының жауабы

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Петропавлда үш мектепке дейінгі білім беру мекемесі сенімгерлік басқаруға беріліп, бұл жаңалық әлеуметтік желіде қоғам белсенділерінің талқысына түсті. Солтүстік Қазақстан облысы Білім басқармасының жетекшісі Гүлмира Кәрімова бірнеше күннен бері өзектілігін жоймай отырған мәселеге қатысты түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
2020 жылы Маңғыстауда тоғыз жаңа балабақша салынады Нұр-Сұлтанда жаңа балабақша төрт жылдан бері бос тұр Әсет Исекешев «El Umiti» бастамасының Қамқоршылар кеңесінің құрамы туралы айтты

«Сенімгерлік басқаруға берілген 3 мектепке дейінгі білім беру мекемесінде қазақ топтары жабылады, төлемақы өсті және балабақшалар жекеменшікке өтіп, өз туыстарына берілді» деген ақпарат бірнеше күннен бері жұрттың назарында жүр.

Облыстық білім басқармасының басшысы Гүлмира Кәрімова бұл жайында өзінің жеке әлеуметтік парақшасында жазба қалдырып, ресми жауап берді.

«Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы Заңға сәйкес сенімгерлік басқаруға берілетін нысандар тізімі анықталды. Үш мектепке дейінгі білім беру мекемесі сатып алу құқығынсыз сенімгерлік басқаруға өтті. Соның бірі – Петропавлдағы «Ивушка» бөбекжай-бақшасы. «Есіл Аймақтық Дамыту Орталығы» ЖШС конкурстық құжатты әзірлеп, ол тәуелсіз сараптамадан өтті. БАҚ-та, «СҚО әкімдігі білім басқармасының» және «Центр Развития ГЧП» АҚ ресми сайтында ашық конкурс жарияланды. Конкурсқа қатысуға үш өтініш түсті. 2019 жылғы 14 тамыздағы конкурстық комиссияның шешіміне орай «Grand-Broker» ЖШС жеңімпаз деп танылды», - деп түсіндірді Гүлмира Кәрімова.

Білім басқармасы жетекшісінің айтуынша, СҚО бойынша Мемлекеттік ішкі аудит департаменті конкурстың нәтижесін және жеңіске жеткен кәсіпкердің конкурстық құжаттарын тексеріп, заң бұзушылық таппады.

«Петропавл қалалық білім бөлімінің басшысы С.М.Рамазанова бос орынға 2019 жылдың 11 қарашасында тағайындалды. Сол себепті ол конкурстың нәтижесіне еш әсер ете алмайды, әрі қалалық білім бөлімінің бұл конкурсқа еш қатысы жоқ. Сондай-ақ, қазақтілді топтар жабылмайды. Балабақша төлемақысы да өзгеріссіз қалады» деп жазды облыстық білім басқармасының жетекшісі.

Петропавлда бұған дейін 85 мемлекеттік мектепке дейінгі білім беру мекемесі болса, соның үшеуі - «Ивушка», «Балдәурен», «Ақбота» сенімгерлік басқаруға берілді.


Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1096199
Пікірлер

Көрші сілтемелер