Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2020-01-191033433346 %54 %
2020-01-201839508052 %48 %
2020-01-21666174746 %54 %

Қазақстанның басым бөлігінде ауа температурасы төмендейді



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 05:15 - 2019/12/15


Қазақстанның басым бөлігінде ауа температурасы төмендейді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарт – 15 желтоқсан күні еліміздің басым бөлігінде ауа температурасы төмендеп, жауын-шашынның түсуі тоқтайды. Құбылмалы күн райы шығыста және оңтүстік-шығыста сақталып, қар жауатыны болжанады. Оңтүстік-шығыста түнде қар молынан түседі. Республиканың кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын сақталады, жел күшейеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Қазгидромет: Желтоқсанның 14-і күнгі ауа райы болжамы Еліміздің бірқатар өңірінде ауа райына қатысты ескерту жарияланды Демалыс және мереке күндері ауа райы қандай болады

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, Алматы, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі. Түнде Алматы облысында, күндіз Қызылорда облысында жел 15-20 м/с күшейеді.

Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын болжанады.

Түркістан облысының кей жерлерінде тұман, бұрқасын болып, желдің күші 15-20 м/с артады.

Манғыстау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі. Түнде Манғыстау облысында, күндіз Батыс Қазақстан облысында желдің екпіні 15-20 м/с күшейеді.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерін тұман басып, жаяу бұрқасын жүреді.

Павлодар, Ақмола, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.

Атырау облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1084367
Пікірлер

Көрші сілтемелер