Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Ибрагим Ескендір қарсыласын нокаутқа жіберіп, IBA Asia титулын иеленді⠀



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 02:33 - 2019/12/15

Нақты Көзі: https://www.inform.kz/kz/ibragim-eskendir-karsylasyn-nokautka-zhiberip-iba-asia-titulyn-ielendi_a3594981


Ибрагим Ескендір қарсыласын нокаутқа жіберіп, IBA Asia титулын иеленді⠀

МӘСКЕУ. ҚазАқпарат – Қазақстандық кәсіпқой боксшылар Ибрагим Ескендір (6-0, 6КО) мен Уәлихан «Адай» Бисенқұлов (9-1, 9КО) Ресейдің Мәскеу қаласында өтіп жатқан кеште жеңіске жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар

ВКонтакте әлеуметтік желісіндегі «Қазақстанның кәсіпқой боксы» парақшасында мәлім етілгендей, жеңіліп көрмеген 33 жастағы боксшымыздың қарсыласы Малави елінің тәжірибелі спортшысы, яғни 47 айқастың 28-ін өз пайдасына аяқтаған Мусса Аджибу (28-14-5, 24КО) болды. Бірінші ауыр салмақтағы жекпе-жек он раундқа есептелді. Бірақ соңғы дистанциясына дейін өтпеді. И.Ескендір оппонентін жетінші раундта нокаутқа жіберді.

Осылайша, қазақстандық боксшы профи-рингтегі жетінші жеңісіне (барлығын нокаутпен) қол жеткізіп, IBA Asia нұсқасы бойынша вакантты белдікке ие болды. Бұған дейін И.Ескендір Instagram-парақшасында намысты қолдан бермейтінін жазған болатын.

Ал бірінші ауыр салмақтағы Уәлихан Бисенқұлов (9-1, 9 КО) ресейлік Иван Арацкиймен (0-3) кездесті. Төрт раундқа созылуы тиіс болған айқасты Бисенқұлов біріншісінде-ақ аяқтады. «Адай» лақап атты боксшымыз техникалық нокаутпен жеңіске жетті. Оның алдында қарсыласын нокдаунға жіберді.

Сондай-ақ кеш аясында қазақстандық бұрымды боксшы 19 жастағы Лаура Есенкелді (0-1) кәсіпқой-рингтегі екінші айқасын өткізетіні күтілуде. Оның қарсыласы - профидегі дебютант ресейлік Елена Выстропова.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1084350
Пікірлер

Көрші сілтемелер