Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2020-01-191033433346 %54 %
2020-01-201839508052 %48 %
2020-01-21666174746 %54 %

Елордалық театр қазақстандықтарды 97 метр биіктіктен құттықтады



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 00:33 - 2019/12/15


Елордалық театр қазақстандықтарды 97 метр биіктіктен құттықтады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - М.Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театры Тәуелсіздік күнін мерекелеу аясында елордамыздың басты нышаны – «Бәйтерек» монументі кешенінде әдеби-музыкалық қойылымды ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Шымкенттік полицейлер Тәуелсіздік күні мерекесін атап өтті Әлем елдерінің басшылары Қазақстан халқын тәуелсіздік күнімен құттықтауда Шымкентте «Ел бақытын тербеткен - Тəуелсіздік» мерекелік жиыны өтті

Актерлар Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары мен қонақтарын келе жатқан Тәуелсіздік күнімен 97 метр биіктіктен құттықтады. Қойылым бағдарламасына елімізде мерейтойлары аталып жатқан қазақтың ұлы тұлғалары Абай, Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров, Бейімбет Майлиннің шығармалары енді.

Композиция режиссерлары ҚР еңбек сіңірген әртісі Бекпулат Парманов және ҚР «Мәдениет қайраткері» Людмила Крючкова атап өткендей, театр репертуарына жаңадан қосылған қойылым сценарийі мереке қарсаңында қайта қаралып, жас актерлардың орындауындағы патриоттық әндермен толықты.

«Дайындалған шығарманы «Бәйтерек» кешеніне келген барлық меймандар тегін тамашалай алды. Көрермендер қатарында елордаға мереке қарсаңында келген Алматы, Шымкент, Қостанай және Қарағанды қалаларының тұрғындары. Сондай-ақ, композиция Польша мен Бельгиядан келген туристер үшін қазақ әдебиетінің экскурсы ретінде өз пайдасын тигізді. Шетелдік меймандар әртістердің өнеріне тәнті болып, авторлардың шығармаларына қызығушылық білдірді», - деді театрдың баспасөз қызметінен.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1084327
Пікірлер

Көрші сілтемелер