Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Министр этникалық қазақтарға азаматтық берудегі өзгерістер туралы айтты



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 12:39 - 2019/12/11

Нақты Көзі: https://www.inform.kz/kz/ministr-etnikalyk-kazaktarga-azamattyk-berudegi-ozgerister-turaly-aytty_a3593579


Министр этникалық қазақтарға азаматтық берудегі өзгерістер туралы айтты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көші-қон процестерін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
«Омбы қазақтары» мектептерге қазақ тілі пәнін қайтаруға талпынып жатыр Шетелдегі қазақтарды қолдаудың кешенді шаралары талқыланды Париждегі «Қорқыт ата» мәдени орталығы қандастарға қазақ тілін оқытып жатыр

Заң жобасы Қазақстан Республикасының 2017-2021 жылдарға арналған көші-қон саясатының тұжырымдамасына және оны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес әзірленген.

Заң жобасының міндеттері көші-қон заңнамасын тиісті бағыттар бойынша жетілдіруге негізделген. Осы орайда, Қазақстанға келген этникалық репатрианттар мен қоныс аударушылар үшін қолайлы жағдайлар жасау; ел экономикасының қажеттіліктерін қамтитын қолайлы инвестициялық климат құруға бағытталған сыртқы еңбек көші-қонының тиімді жүйесін құру; халықаралық озық тәжірибені ескере отырып, заңсыз көші-қонның алдын алу, көші-қон процестерін реттеу саласындағы нормативтік-құқықтық базаны кеңейту бағыттары ескерілген.

«Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, этникалық қазақтар оралман мәртебесін алу үшін Қазақстан тәуелсіздік алғанға дейін шет мемлекеттің аумағында тұру фактісін растауға тиіс. Іс жүзінде 1991 жылдан кейін дүниеге келген этникалық қазақтар мұндай құжаттарды бере алмайды. Осыған байланысты этникалық қазақтың бұрын ҚР азаматы болмағандығы басты критерий болады», – деді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов.

Екіншіден, қандас бауырларымызға қолайлы жағдай жасау үшін, сондай-ақ өткізілетін құжаттардың тізбесі қайталануына байланысты оралмандардың тұрақты түрде тұруға рұқсат алуға және Қазақстан азаматтығын алуға құжаттарды бір мезгілде беру мүмкіндігі қарастырылады.

Қоныс аударушыларды орналастыру, жұмыспен қамту және бейімдеу жөніндегі әлеуметтік қызметтер кешенін ұсыну мақсатында қандастарға ғана емес, қоныс аударушыларға да бейімдеу және ықпалдастыру қызметтерін көрсету жөніндегі орталықтардың функциялары кеңейтілетін болады.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1082769
Пікірлер

Көрші сілтемелер