Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


СҚО-да «Бастау» мен «Жас кәсіпкер» түлектері жобаларының көрме-жәрмеңкесі өтті



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 18:03 - 2019/12/09

Нақты Көзі: https://www.inform.kz/kz/sko-da-bastau-men-zhas-kasipker-tulekteri-zhobalarynyn-korme-zharmenkesi-otti_a3592905


СҚО-да «Бастау» мен «Жас кәсіпкер» түлектері жобаларының көрме-жәрмеңкесі өтті

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында «Бастау» және «Жас кәсіпкер» мемлекеттік бағдарламаларына қатысқан түлектердің қолынан шыққан бұйымдарының көрме-жәрмеңкесі өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Маңғыстаудағы ауылда балалар киімін тігетін цех ашылды СҚО-да 13 мың кәсіпорында әйелдер жетекшілік етеді Дариға Назарбаева жас кәсіпкерлерді қазіргі заманғы технологияларды меңгеруге шақырды

Көрме-жәрмеңке Петропавлдағы ең үлкен сауда орталықтарының бірінде болды. «Бастау» және «Жас кәсіпкер» мемлекеттік бағдарламаларының биылғы 40 шақты түлегі келушілерге өз өнімдерін ұсынды. Солардың бірі – Мәриям Ақсарина. 200 АЕК көлемінде грант алған көп балалы ана бөдене өсіруді қолға алған болатын. Отбасылық бизнес өркендеп келеді.

«Менің негізгі тұтынушыларым – Бескөл ауылының тұрғындары. Бөдене санын арттырып жатырмын. Қазір тек жұмыртқалайтын 150 құсым бар. Сол себепті сауда орындарымен келісімге отырып жатырмын. Бөдене етінен гөрі жұмыртқасына сұраныс жоғары, өйткені, пайдалы. Облыс орталығына әзірше жеткізбеймін. Өйткені нарықты қамтуға өнімім жеткіліксіз», - дейді Мәриям Ақсарина.


«Жас кәсіпкер» бағдарламасымен кәсіпкерліктің қыр-сырын меңгергендер де 200 АЕК мөлшерінде грант алды. Жастардың идеялары көп. Олар қатарластары арасында сәнге айналған бұйымдарды шығаруға мән береді. Әмина Тәжиева курстан өткеннен кейін экологиялық қол дорба тігуді бастады. 12 жасынан бастап ине ұстаған бойжеткен грантпен берілген ақшаға тігін машиналарын сатып алды.


«Менің өніміме жасөспірімдер қызығады. Олар сөмкені мектепке ұстау үшін алады. Бүгінде латын әрпін қолдану трендке айналған. Мен Абайдың сөздерін латын әрпімен өз өнімдеріме жазамын», - дейді Әмина Тәжиева.


Биыл мемлекеттік бағдарламамен білім алған түлектердің әр бесіншісі өз ісін ашты. Ал көрме-жәрмеңкеге Петропавл қаласының және Есіл, Қызылжар аудандарының жас кәсіпкерлері қатысты.


«Бүгінгі көрме-жәрмеңкені ұйымдастырудағы мақсат – халықты осы екі бағдарламамен таныстыру. Нәтижесін көрсету. Өйткені келесі жылы да кәсіпкерлік курстарына қабылдаймыз. Биыл «Бастау» бағдарламасы бойынша алты топ, «Жас кәсіпкер» бойынша екі топ бітіріп шықты. Барлығы 3115 адамды қамтыдық», - деді СҚО Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Марат Ысқақов.

Көрме-жәрмеңкеге келгендерге бағдарлама түлектері қызметтерін тегін ұсынды. Қыз-келіншектердің бірі қасы-қабағын бояуға мүмкіндік алса, енді бірі ақысыз шашын сәндетті. Сондй-ақ бұл күні кәсіпкерлер палатасының басшысы Дархан Қалиев пен облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасының жетекшісі Құралай Жарова үздік бизнес-жаттықтырушыны, үйлестіруші мен психологты марапаттады. Ал биылғы жылдың соңғы түлектеріне сертификаттар үлестірілді. Бұл сертификат грантқа және төмен пайызбен несие алуға мүмкіндік береді.








Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1081964
Пікірлер

Көрші сілтемелер