Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


WADA Ресейді Олимпиададан төрт жылға шеттетті



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 17:57 - 2019/12/09

Нақты Көзі: https://www.inform.kz/kz/wada-reseydi-olimpiadadan-tort-zhylga-shettetti_a3592900


WADA Ресейді Олимпиададан төрт жылға шеттетті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүкіләлемдік антидопинг агенттігі атқарушы комитеті (WADA) комитеттің ұсынысына сәйкес бірауыздан шешім қабылдады. Енді алдағы төрт жылда Ресей Олимпиада мен әлем чемпионаттарына қатыса алмайтын болды. Сонымен қатар, үлкен халықаралық турнирлерді де өткізе алмайды, деп хабарлайды ВВС.

Ұқсас жаңалықтар
Бес қазақстандық спортшы KWU  киокушинкайдан ӘЧ финалына өтті Футзал: Қазақстан құрамасы сынға түсетін топтың ойын күнтізбесі анықталды Бокстан Конфедерация кубогы Түркістан боксшыларына бұйырды

WADA ережесіне сәйкес, егер ұлттық антидопинг агенттігі статусынан айырылса, мемлекет халықаралық жарыстарды өткізу құқынан айырылады.

Ресейлік спортшылар өздерінің допинг қабылдамағанын дәлелдей алса, халықаралық жарыстарға бейтарап ту астында шығуға мүмкіндіктері бар.

Бүкіләлемдік антидопинг агенттігі атқарушы комитетіне жіберілген құжаттарда 2012-2015 жылдар аралығындағы Ресей спортшыларының сынақтары туралы ақпараттар сақталған болатын, бұл кезеңге, мысалы, Сочиде өткен Олимпиада ойындары сәйкес келіп тұр. Мекемедегілер антидопингтік ережелерді сақтауға қатысты тексеруді соңына дейін жеткізу үшін ақпараттарды сұратқан еді. Егер базадан кейбір ресейліктердің допинг қабылдағаны туралы мәліметтер тапқанда – жалпы ел емес, белгілі бір спортшылар ғана жауапкершілікке тартылар еді.

WADA комитеті Ресейді допингке қатысты мәліметтерге манипуляция жасады деп айыптауда.

Базадан жүздеген допинг-тест туралы мәліметтер өшірілген. Кейбір нәтижелер 2015-2016 жылдары жойылған. Кейбір манипуляциялар өткен жылдың желтоқсан айы мен осы жылдың қаңтар айында орын алған. Бұл кезде зертханада сарапшылар жұмыс істеуі керек еді. Құжаттардың мерзімдері манипуляцияны білдірмес үшін өзгертілген. Кем дегенде 145 ресейліктің антидопинг ережелерін бұзғаны тексеру барысында әшкереленді.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1081957
Пікірлер

Көрші сілтемелер