Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Оралда тұрғын үйде өрт болып, 10 адам эвакуацияланды



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 20:24 - 2019/12/08

Нақты Көзі: https://www.inform.kz/kz/oralda-turgyn-uyde-ort-bolyp-10-adam-evakuaciyalandy_a3592610


Оралда тұрғын үйде өрт болып, 10 адам эвакуацияланды

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Оралда тұрғын үйде өрт болып, 10 адам эвакуацияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Ақмола полицейлері боранмен арпалысқан екі күннің қорытындысын шығарды Жамбылда жыл басынан бері 140-тан астам көлік өртенген Ресейдегі ірі жол апаты: автокөлік 12 адамды қақты

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға бүгін түнгі сағат 01.00-де Ш.Жексенбаев атындағы көше 67-үйде болды.

Үш қабатты үйде 3-пәтерде жеке заттар мен жиһаз жанған.

Газдан уланудың алдын алу мақсатында үйден 10 адам шығарылса, соның екеуі - балалар. Оған қоса екі адам құтқарылды.

«Тілсіз жау» 01.14-те оқшауланып, 01.39-да ауыздықталды.

Қазіргі кезде өрттің шығу себебі, кінәлілер, келтірілген шығын анықталуда.

Сондай-ақ бүгін Бәйтерек ауданы Белес ауылынан 18 шақырым жерде дала жолында тұралап қалған «Тойота Ланд Крузер» автокөлігіне көмек көрсетілді. Сағат 11.04-те аталған көлік жолдың тазартылған бөлігіне шығарылды. Оның ішінде болған төрт адам медициналық көмекті қажетсінген жоқ. Бұл көлікті іздестіру жұмыстары кеше сағат 23.30-дан бері жүргізілген.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1081566
Пікірлер

Көрші сілтемелер