Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Көкшетауда науқас қызға көмектесу үшін қайырымдылық концерті өтті



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 12:27 - 2019/12/08

Нақты Көзі: https://www.inform.kz/kz/kokshetauda-naukas-kyzga-komektesu-ushin-kayyrymdylyk-koncerti-otti_a3592548


Көкшетауда науқас қызға көмектесу үшін қайырымдылық концерті өтті

КӨКШЕТАУ. КАЗИНФОРМ - Көкшетауда ауыр дертке шалдыққан қызға көмектесу үшін полиция қызметкерлері қайырымдылық концертін өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Қайтыс болған 843 мың адамның атында жылжымайтын мүлік бар Орталық Азия елдері арасында Қазақстанның урбандалу деңгейі жоғары Түркістан облысында Тұңғыш Президент күні мерекесіне орай ғылыми конференция өтті

«15 жастағы Әспет Қожахметова ән айтумен және би билеумен айналысты, тіпті, мұқтаж жандарға көмектесуге құштар болды. Алайда, ағымдағы жылдың наурыз айында жасөспірім ауыр дертпен күресуді бастайды. Дәрігерлер оған «қатерлі ісік» диагнозын қойды. Қазіргі таңда Әспет Германияда құны 50 мың евро тұратын қымбат отаға мұқтаж», - дейді ведомстводан.

Тәртіп сақшылары жасөспірімге көмекке қолын созу мақсатында қайырымдылық концертін ұйымдастырды. Көздеріне жас алған қыздың туысқандары қиын уақытта қолдау білдіріп, көмектескен полиция қызметкерлеріне шынайы алғыстарын білдірді. Бір ғана концерт билетінен барлығы 300 мың теңге ақша түсті. Бұдан бөлек, шара барысында 60 мың теңге қаржы жиналды. Жиналған қаржының барлығы Әспеттің арнайы есеп-шотына аударылды.


Концертті ұйымдастырушы Ақмола облыстық ПД Кадрлық жұмыс басқармасы қызметкерлерінің айтуынша, бұл полиция қызметкелері ұйымдастырып отырған алғашқы қайырымдылық шарасы емес, осыған дейін де көмекке зәру біраз балаға қайырымдылық көмек көрсетілген.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1081473
Пікірлер

Көрші сілтемелер