Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2020-01-25980317759 %41 %
2020-01-261180367846 %54 %
2020-01-271557719571 %29 %

Одесса колледжіндегі өрт: Владимир Зеленский 8 желтоқсанды қаралы күн деп жариялады



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 11:33 - 2019/12/08


Одесса колледжіндегі өрт: Владимир Зеленский 8 желтоқсанды қаралы күн деп жариялады

КИЕВ. УКРИНФОРМ-ҚазАқпарат – Украина Президенті Владимир Зеленский адам өліміне алып келген Одесса колледжінде болған өртке байланысты 2019 жылдың 8 желтоқсанын елде қаралы күн деп жариялау туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА Укринформ-ға сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Ақмола облысында боранда жоғалған үш тракторшы табылды Ақтауда бронхит дертімен ауруханада жатқан 14 жасар бала комаға түсіп қалды Балқаш көлінде мұз бөлініп, үстіндегі 4 балықшыны ағызып әкеткен

«Бүкіл Украинада аза тұту күнінде: мемлекеттік органдардың, жергілікті билік органдарының, мемлекеттік кәсіпорындардың, мекемелер мен ұйымдардың үйлерінде және ғимараттарында Украинаның Мемлекеттік Туы түсірілсін; ойын-сауық және концерттік шаралардан бас тартылсын, теледидар мен радио бағдарламаларына тиісті өзгерістер енгізілсін», - делінген Президент Жарлығында.

Владимир Зеленский бұл шешіміне Facebook-те пікір қалдырды.

«Осы қайғылы оқиға барлық шенеуніктер, басшылар, барлық Украина азаматтары үшін сабақ болсын. Өмір - әрқайсымыздың қолымызда бар ең құнды нәрсе. Адам өмірі - бұл елдің ең басты құндылығы. Олардың өмірін сақтау - мемлекеттің бірінші кезектегі міндеті. Адамдар майданда жан қиып жатса ауыр дейміз. Ал бейбіт қалада, біреудің қателіктері немесе немқұрайдылық салдарынан адамдардың қайтыс болуы екі есе ауыр», - деп атап өтті мемлекет басшысы.

Еске сала кетейік, 4 желтоқсанда Одессаның Экономика, құқық және қонақ үй мен мейрамхана бизнесі колледжінде өрт болды. Қазіргі уақытта өрттен жеті адамның қаза тапқаны белгілі болды.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1081462
Пікірлер

Көрші сілтемелер

Ең жаңа мақалалар