Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Садриддин Ахмедовтың «Цунамимен» айқасын қайдан көруге болады



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 14:33 - 2019/12/06

Нақты Көзі: https://www.inform.kz/kz/sadriddin-ahmedovtyn-cunamimen-aykasyn-kaydan-koruge-bolady_a3592135


Садриддин Ахмедовтың «Цунамимен» айқасын қайдан көруге болады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық кәсіпқой боксшы Садриддин Ахмедовтің (10-0, 9КО) 7 желтоқсанда өтетін жекпе-жегін «Хабар» арнасынан көруге болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Садриддин Ахмедов мексикалық «Ковбойды» нокаутқа жіберді

Қазақстанда аталған айқасты 8 желтоқсанда «Хабар» телеарнасы Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат таңертеңгі 07.00-де тікелей эфирде көрсетеді.

WBC нұсқасы бойынша жастар арасында бірінші орта салмақтағы әлем чемпионы шаршы алаңға 7 желтоқсанда қайта оралады. Ол Канаданың Монреаль қаласында аргентиналық Хосе Антонио Вильялобоспен (12-5-2, 7КО) кездеседі. Қос құрлықтың боксшылары Давид Лемье (40-4, 34КО) мен Макс Бурсак (35-5-2, 16КО) айқасының андеркардында өзара мықтыны анықтамақ.

Еске сала кетсек, Садриддин Ахмедов кәсіпқой бокстағы оныншы жекпе-жегін қаза айының соңында өткізіп, 31 жастағы мексикалық Джонни Наварретені (33-15-2, 15КО) техникалық нокаутпен жеңген болатын.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1080854
Пікірлер

Көрші сілтемелер