Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Нұр-Сұлтандағы әуежайда оқ атылды



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 14:18 - 2019/12/06

Нақты Көзі: https://www.inform.kz/kz/nur-sultandagy-auezhayda-ok-atyldy_a3592125


Нұр-Сұлтандағы әуежайда оқ атылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордадағы «Нұрсұлтан Назарбаев» халықаралық әуежайында оқ атылғаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Шымкентте атыс болып, бір адам көз жұмды Қарағанды орталығында белгісіз біреу көлікке оқ атты Алматы облысында белсендіні атты деген күдікпен ауыл әкімі және оның жүргізушісі ұсталды

Әлеуметтік желілерде «3 желтоқсан күні «Нұрсұлтан Назарбаев» халықаралық әуежайының Ұшу сапарларын өрттен және апаттан құтқаруды қамтамасыз ету қызметінің ғимаратында авиациялық қауіпсіздік қызметі инспекторы қару тексеріп жатқанда қару өздігінен атылып кетіп, үш инспектор жарақат алды» деген ақпарат тарады.

Халықаралық әуежайда оқ атылғанын Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі растады.

«Аталған факт ҚР Қылмыстық кодексінің 114-бабы 3-бөлігі бойынша (денсаулыққа абайсызда жарақат келтіру) Нұр-Сұлтан қаласындағы әуежайдың полиция желілік бөлімінің тергеу бойынша бірыңғай реестріне тіркелді. Тергеу жүріп жатыр», - деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1080845
Пікірлер

Көрші сілтемелер