Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Сәкен, Ілияс, Бейімбет: Алматыда қазақтың үш бәйтерегі туралы көрме өтеді



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 13:48 - 2019/12/06

Нақты Көзі: https://www.inform.kz/kz/saken-iliyas-beyimbet-almatyda-kazaktyn-ush-bayteregi-turaly-korme-otedi_a3592115


Сәкен, Ілияс, Бейімбет: Алматыда қазақтың үш бәйтерегі туралы көрме өтеді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда қазақ әдебиетінің үш бәйтерегі, репрессия құрбандары Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров, Бейімбет Майлиннің 125 жылдық мерейтойына орай «Құрбан болған тұлғалар» атты көрме өтеді. Бұл туралы баспасөз мәслихатында ҚР Мемлекеттік орталық музейінің өкілдері айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Ақтауда Әбіш Кекілбайұлына арналған фотокөрме өтті Ташкентте қазақстандық суретшілердің көрмесі өтті Түркістандағы тайқазанның құйылғанына 620 жыл толуына орай көрме ашылды

Қазақстан тарихын зерттеу орталығының ғылыми қызметкері Гүлсара Жапақованың айтуынша, 9 желтоқсан күні Мемлекеттік орталық музейде қазақ халықының үш бәйтерегі, сталиндік зобалаңның құрбандары, артына өшпес рухани мұра қалдырған қазақтың жыр құлагері, қоғам қайраткері – Ілияс Жансүгіров, жалынды ақын, жазушы, драматург Сәкен Сейфуллин мен әңгіме жанрының хас шебері, жазушы Бейімбет Майлиннің 125 жылдық мерейтойына орай «Құрбан болған тұлғалар» атты көрме ашылады.

«Тарихи деректерге сүйенсек, 1930-1953 жылдар аралығында 40 миллионнан астам Кеңес азаматы репрессияға ұшырады. Осы кезеңде қазақ халқының 40 пайызы қаза тапты. Әсіресе, бұл заңсыз жазалауға Кеңес Одағы құрамында болған барлық халықтар мен ұлттардың бетке ұстар зиялы қауым өкілдері ұшырады. Бар өмірін қазақ халқының руханиятына арнаған тұлғалардың 125 жылдығына арналған шаралар көптеп ұйымдастырылуда»,- дейді ҚР Мемлекеттік орталық музейінің өкілі Гүлсара Жапақова.

Көрмеге орталық музей қорындағы Ілияс Жансүгіров, Сәкен Сейфуллин, Бейімбет Майлиннің жеке заттары қойылады. Сондай-ақ, келушілер назарына сол жылдардағы зиялы қауымның жұмыс кабинетінің көрінісі мен С.Сейфуллиннің жеке мөрі, алтын сағаты, портсигары, саквояжы және басқа заттары ұсынылады.

Көрмені ҚР Президентінің архиві, ҚР Орталық мемлекеттік мұрағаты және «Ғылым Ордасы» орталық ғылыми кітапханасы ұйымдастырып отыр.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1080839
Пікірлер

Көрші сілтемелер