Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Адам құқықтары жөніндегі уәкілге қазақстандықтардан 91 өтінім келіп түсті



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 13:36 - 2019/12/06

Нақты Көзі: https://www.inform.kz/kz/adam-kukyktary-zhonindegi-uakilge-kazakstandyktardan-91-otinim-kelip-tusti_a3592109


Адам құқықтары жөніндегі уәкілге қазақстандықтардан 91 өтінім келіп түсті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қыркүйек айынан бастап Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің атына қазақстандықтардан 91 өтінім келіп түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілішісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстанда банкроттық және оңалту сатысында қанша кәсіпорын тұр Сот шешімі:«Жолаушылар тасымалы» билеттерді қайтару кезінде мың теңгені негізсіз ұстаған Жергілікті атқарушы органдар меншік құқығын тіркеусіз көптеген жер актілерін берген

«Бұл қызметке жақында ғана кіріскенімді білесіздер. Атап айтқанда, елеулі заңбұзушылықтар бар. Қыркүйек айынан бастап Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің атына 91 өтінім құқықбұзушылықтарға байланысты келіп түсті. Азаматтар шағымы көбіне пенитенциарлық мекемелердегі, қылмыстық атқару жүйесі мекемелеріндегі азаптауға қатысты», - деді Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Эльвира Әзімова Адам құқықтары жөніндегі бірінші Еуразиялық форумда.

Сонымен қатар ол 2014 жылдан бастап ұлттық превентивтік механизм жұмыс істеп жатқанын еске салды.

«Адам құқықтары жөніндегі уәкіл, азаматтық қоғам өкілдері қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріне жиі барып тұрады. Осы орайда әкімшілік тарапынан азаптауға байланысты азаматтардан шағымдар түсіп жатса, азаматтық қоғам қатысушылары аталған мекемелерге барады», - деді Э. Әзімова.

Оның айтуынша, мекемелердегі жағдаймен танысқаннан кейін тиісті ұсынымдар әзірленеді.

«Осы шаралардың қорытындысы бойынша жалпы баяндаманы қабылдап, оны ҚР Президентінің атына, Парламент пен Үкіметке ұсынуға тиістіміз. Сонымен қатар, қорытындыны кеңінен жариялауға міндеттіміз. Осындай қадамдардың арқасында 2014 жылдан бері бірқатар қылмыстық іс превентивтік механизм аясында қозғалған болатын», - деді Адам құқықтары жөніндегі уәкіл.

Еске сала кетейік, биыл қыркүйек айының басында Эльвира Әзімова Қазақстандағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл қызметіне сайланды.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1080832
Пікірлер

Көрші сілтемелер