Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Павлодарда лазерлік жаяу жүргінші жолақтары пайда болады



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 13:03 - 2019/12/06

Нақты Көзі: https://www.inform.kz/kz/pavlodarda-lazerlik-zhayau-zhurginshi-zholaktary-payda-bolady_a3592094


Павлодарда лазерлік жаяу жүргінші жолақтары пайда болады

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – Павлодар облыстық полиция департаменті жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша бірқатар шаралар қолданып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат Павлодар облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
«Алматы-Екатеринбург» автожолында көлік қозғалысы шектелді Ақтөбе облысындағы жолдар ашылды Қазақстанның әуе компаниялары ұшақ билеттерінің құнын 12% төмендетті

Полицейлер көшелерде, жолдарда тексеру жүргізіп, соның нәтижесінде өзгерістер енгізеді, басқа елдердің тәжірибесі қолданылады.

«Павлодар қаласындағы Торговая-Космонавты, Гагарин-Ворушин, Ворушин-Циолковский, Ақсу қаласындағы Қамзин-Желтоқсан көшелерінің қиылысында жол қозғалысын бағдаршам реттейді. і. Павлодар алюминий зауыты ауданында 19-шы тасжолда жаяу жүргіншіні шақыру құрылғысы орнатылды», - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, Полиция департаментінің ұсынысы бойынша кептелісті азайтау мақсатында қаладағы бірқатар көшелерде екіжақты қозғалыс ұйымдастырылды.

Қазіргі уақытта Павлодар қалалық әкімдігімен бірге жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуде жаңа технологиялар (лазерлік жаяу жүргінші жолақтары) енгізу мәселесі талқыланып жатыр.

Балаларды жол-көлік оқиғасынан сақтау мақсатында аталған тақырыпта 40 билборд, баннер орнатылды. Облыс орталығының түрлі бөлігінде орналасқан LED-экрандарда жолда қауіпсіздік ережесін сақтау туралы видеотаспалар көрсетіліп жатыр.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1080818
Пікірлер

Көрші сілтемелер