Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2020-01-221516443648 %52 %
2020-01-231834676963 %37 %
2020-01-24601176077 %23 %

Шымкентте екі жасөспірімді көлік қағып, біреуі көз жұмды



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 12:57 - 2019/12/06


Шымкентте екі жасөспірімді көлік қағып, біреуі көз жұмды

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - 2019 жылғы 4 желтоқсанда Шымкент қаласында Темірлан тасжолы бойында кәмелетке толмаған екі жасөспірімді көлік қақты, деп хабарлайды Шымкент қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Ұқсас жаңалықтар
Түркістан облысында жол апатына ұшырап, каналға құлаған тұрғынды полицейлер құтқарды «Қызылорда-Құмкөл» трассасында жол апатына ұшырағандарға қолдау көрсетіледі - Қуанышбек Ысқақов Елордада адам қағып өлтірген күдікті бұрын екі рет сотталған

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, жол-көлік оқиғасының нәтижесінде жасөспірімдердің біреуі алған жарақатынан қайтыс болды. Ал екіншісі Шымкент қаласындағы медициналық мекеменің жансақтау бөліміне жеткізілді.

Аталған жайт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 345-бабы «Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы» және 347-бабы «Жол-көлiк оқиғасы болған жерден кетіп қалу» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталған.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері жол-көлік оқиғасын жасаған көліктің маркасын және оның орналасқан жерін анықтады.

Аталған автокөлік жүргізушісін ұстау бойынша жедел жұмыстар жүргізілуде.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1080811
Пікірлер

Көрші сілтемелер