Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-12-071600666656 %44 %
2019-12-082923931263 %37 %
2019-12-0924435763 %37 %

Алматыда жолайрығын салу үшін сүрілетін тұрғын үйдің 117 отбасына өтемақы төленді



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 10:33 - 2019/12/03


Алматыда жолайрығын салу үшін сүрілетін тұрғын үйдің 117 отбасына өтемақы төленді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда жол айрығын салу үшін сүрілетін тұрғын үйде тұратын 117 отбасына өтемақы төленді, деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісі қала әкімдігіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақ ғалымдары жол құрылысы саласындағы жаңа әзірлемелерін ұсынды Алматы әуежайын кеңейтуге 270 млрд теңге жұмсалады ҚР Премьер-Министрі құрылыс саласын дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді

Бірнеше жылға созылған түйткілді мәселе қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтың араласуынан кейін шешілді.

Бұзылуға жататын учаскелердің иелері Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевқа Жетісу ауданының тұрғындарымен кездесу кезінде көмек сұрап, өтініш білдірген еді.

Сейфуллин даңғылы мен Жансүгіров көшесінің қиылысындағы жолайрық республикалық бюджет есебінен салынып жатыр. Қала әкімі Бақытжан Сағынтаев 29 қазанда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен өткен кеңесте жол айрықтарын салу үшін алынатын учаскелерге өтемақы төлеу мәселесін көтерген болатын.

Алматы қалалық жер қатынастары басқармасының басшысы Ардақ Самамбетовтің айтуынша, Сейфуллин даңғылы мен Жансүгіров көшесінің қиылысында жолайрығын салу үшін ондағы жерді сатып алу мәселесі 2017 жылдан бері шешілмей келген. Қараша айында республикалық бюджеттен 3,5 млрд. теңге көлемінде қаражат бөлініп, 117 учаскенің иелеріне өтемақы төлеу процесі басталды. Бүгінде олардың барлығы тиісті сомасын алды.

«Осы күнге дейін тұрғындардың жағдайы белгісіз боп келді. Олар бұл жерді не сата алмайды, не кете алмайды. Қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтың арқасында мәселе шешімін тапты. Бұзылуға жататын үйлердің иелерімен көшудің қалай жүргізілетінін талқыладық», — деді Алматы жер қатынастары басқармасының басшысы Ардақ Самамбетов.

Жылыту маусымы мен алдағы мерекелерге байланысты тұрғындарға келесі жылдың басында көшуге рұқсат берілді.

Сейфуллин даңғылы мен Жансүгіров көшесінің қиылысындағы жол айрығының құрылысы осы учаскедегі көлік жүктемесін төмендету мақсатында жүргізілуде.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1079177
Пікірлер

Көрші сілтемелер