Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-12-071600666656 %44 %
2019-12-082923931263 %37 %
2019-12-0924435763 %37 %

Орталық Азия елдері арасында Қазақстанның урбандалу деңгейі жоғары



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 09:48 - 2019/12/03


Орталық Азия елдері арасында Қазақстанның урбандалу деңгейі жоғары

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Урбандалу деңгейі жоғарылаған сайын халықтың табысы да жоғары болады.

Ұқсас жаңалықтар
ISO 37001 стандарты қазақстандық экспорттаушылардың шетелдік нарықтарға шығу мүмкіндігін арттырады Түркістан облысында Тұңғыш Президент күні мерекесіне орай ғылыми конференция өтті Алматыда «Шығыс базары» жәрмеңкесі өтіп жатыр

Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Өңірлерді дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының жобасын таныстырған Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгінде 17 өңірде 87 қала мен 6,5 мың ауыл бар. 2015 жылдан бастап урбандалу деңгейі 58,2 процентке дейін өсті. Миллион тұрғыны бар қалалар саны 3-ке жетті. Негізгі капиталға салынған инвестициялар 18 ірі қалада 1,5 есе артты. «Қазақстан-2050« стратегиясы және Қазақстан Республикасын 2025 жылға дейін дамытудың стратегиялық жоспары аясында өңірлік саясат басымдығы басқарылатын урбандалуды қамтамасыз ету болып саналады», - деді министр.

Оның атап өтуінше, жаңа бағдарламада елдің дамуы үшін маңызды институционалдық жағдайлар айқындалған. Бұл – экономикалық өсу «орталықтарын» қалыптастыру, өңірлердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру, барлық өңірлерде базалық өмір сүру деңгейін қамтамасыз ету.

«Бағдарламаны әзірлеудің негізі өңірлердің экономикалық бәсекеге қабілеттілігін арттыру және халықтың өмір сүру сапасын жақсарту бойынша Елбасы және Мемлекет басшысының тапсырмалары болып саналады. Бүгінде әлемдік жалпы ішкі өнімнің 70 пайызы ірі қалаларда құрылады. Бұл – жаһандық тренд. Ресурстар мен инфрақұрылымды шоғырландыру арқылы ғана жоғары экономикалық өсімге қол жеткізуге болады», - деді Р.Дәленов.

Министрдің айтуынша, елдердің бәсекеге қабілеттілігі заманауи ірі қалалардың болуымен айқындалады. Урбандалу шикізаттық емес жалпы ішкі өнімді арттырады.

«Орталық Азия елдері арасында Қазақстанның урбандалу деңгейі ең жоғары – 58,2 пайыз. Алайда ол Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдеріне қарағанда төмен. Ол елдерде бұл көрсеткіш 77 пайызы құрайды. Урбандалу деңгейін 1 пайызға арттырғанда жалпы ішкі өнімнің өсімі 0,12 пайызға жетеді. Сәйкесінше, урбандалу деңгейі жоғары болған сайын халықтың табысы да жоғары болады», - деді ол.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1079153
Пікірлер

Көрші сілтемелер