Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Қызылордада жолаушылар автобусы аударылып, 7 адам ажал құшты



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 09:36 - 2019/12/03

Нақты Көзі: https://www.inform.kz/kz/kyzylordada-zholaushylar-avtobusy-audarylyp-7-adam-azhal-kushty_a3590855


Қызылордада жолаушылар автобусы аударылып, 7 адам ажал құшты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін «Қызылорда-Құмкөл» тасжолында жолаушылар автобусы аударылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
«Алматы-Қорғас» тасжолында көлік апатынан бір адам мерт болды Қостанайдағы тасжолда үш көлік соқтығысып, екі адам көз жұмды Қызылордада адам қағып өлтірген көлік жүргізушісі сотталды

«3 желтоқсанда сағат 05:25-те «Қызылорда-Құмкөл» тасжолында жолаушылар автобусының жүргізушісі көктайғақ салдарынан рульді басқара алмай, көлік аударылып қалған» делінген ТЖК таратқан хабарламада.

Мәліметке сай, автобуста 35 жолаушы болған. Апаттан 7 адам ажал құшқан, оның бірі ауруханаға апара жатқан жолда жан тапсырған.

Автобус «Құмкөл-Қызылорда» бағытында кетіп бара жатқан.

Оқиға Қызылордадан 85 шақырым қашықтықта болған. Қызылорда облыстық ТЖД базасында жедел штаб ұйымдастырылды. (7242) 24-41-61, 70-03-28 телефондары бойынша жедел желі ашылды.




Оқиға орнында ТЖД жеке құрамының 13 адамы мен 4 техникасы, полиция қызметінің 6 қызметкері мен 2 техникасы, жедел жәрдем қызметінің 12 қызметкері мен 4 техникасы жұмыс істеп жатыр.
Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1079147
Пікірлер

Көрші сілтемелер