Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-12-071600666656 %44 %
2019-12-082923931263 %37 %
2019-12-0924435763 %37 %

Қызылорда облысында 5 жедел жәрдем тобы ашылады



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 08:36 - 2019/12/03


ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында 2020 жылы 5 жедел жәрдем тобын ашу жоспарланып отыр. Оның екеуі қалада, үшеуі аудандарда орналасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
СҚО-да биыл ВИЧ-пен күреске 290 миллион теңге жұмсалды Алматыда 35 дәрігерлік амбулатория ашылады Ақтөбеде жедел жәрдем шақыру уақыты қысқарды

Биыл шақыруларды дер кезінде орындау мақсатында Қызылорда қаласы бойынша қосымша 2 топ ашылды. Ал 2020 жылы қосымша 5 жедел жәрдем тобын ашу жоспарланған.

«Облыс бойынша барлығы 77 жедел жәрдем тобы жұмыс атқаруда. Қазіргі таңда жедел жәрдем қызметіне түскен арыз-шағымдардың саны өткен жылмен салыстырғанда 30,8 пайызға төмендеген. Биыл103 желісіне 43 мыңнан астам қоңырау түскен. Жүргізілген іс-шаралар нәтижесінде шақыртуларға кешігіп шығу көрсеткіші мерзімді уақытта 5,3 пайызға азайған», - деді облыстық медициналық жедел жәрдем стансасының бас дәрігері Алмат Құрманғали.

Жедел жәрдем стансасы материалдық-техникалық жағдайын жақсарту үшін биылғы жылдың қазан айында 7 реанимобильге ие болды. Жылдың аяғына дейін республикалық бюджеттен 19 жабдықталған санитарлы автокөліктің келуі жоспарланған.

Бас дәрігердің айтуынша, енді аймақтың кез келген жерінде тұрып, 103 нөміріне телефон соққан жағдайда, қоңырау бірден орталыққа түседі. Елді мекендерден түскен 1-3 санаттағы шақыру сол аумаққа жақын орналасқан бригадаларға жүктеліп, жылдам жөнелтіледі.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1079128
Пікірлер

Көрші сілтемелер